Британияда ұшақ бортында жолаушыны соққыға жыққан
Turkish Airlines түрік әуе компаниясының жолаушысын Лондондағы Хитроу әуежайында лайнер бортында соққыға жыққан
Сол рейспен Стамбұлға ұшып бара жатқан жолаушының сөзіне сүйенсек, ТЖ сенбі күні, 17 маусымда орын алған. Ұшақ ұшар алдында лайнер бортына британиялық иммиграциялық қызмет қызметкері көтерілген.
Бұл адам Ауғанстан тумасы болып табылатын азаматты бірнеше рет бетінен ұрып, басын қабырғаға қысқан. Осыдан кейін жолаушы айғайлап, оның елден жер аударатынын мәлімдеген. Сол оқиғадан кейін азамат ұшақтан шығарылып жіберді. Содан кейін ұшақ Стамбұлға аттанды. Әли айтқандай, жолаушылардың барлығы болған оқиғаға таңырқай қарап, кейбіреулері тіпті көздеріне жас алған.
Ал британиялық ІІМ мәлімдегендей, жер аудару жағдайына қатысты түсінік бермейді. Сонымен қатар, егер азамат елде заңсыз жүріп, кетуден бас тартатын болса, күш қолдануға тура келеді.