16 маусымға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
АҚШ-та Эрдоганның күзетшілерін ұстауға ордер берілді
АҚШ полициясы 15 маусым күні Түркия президенті Реджеп Таип Эрдоғанның тоғыз күзетшісін ұстауға ордер берді. Олар мамыр айының ортасындағы саясаткердің Вашингтонға сапары барысында шерушілермен орын алған қақтығысқа қатысқан.
Сонымен қатар түркия полициясының үш офицері, түріктерден шыққан АҚШ-тың төрт азаматы және екі канада азаматтары ізделуде. Олардың екеуі мамыр айында ұсталған.
Вашингтон полициясының басшысы Питер Ньюзэм олардың АҚШ-қа келіп заң алдында жауап беруге шақырды.
- Қарсылыққа шығушыларға көрсетілген зорлық-зомбылықтарының бәрін көрдік. Біз бұған шыдамаймыз... Олар (Эрдоган күзетшілері) АҚШ-қа келулері керек және тағылған айыптарына жауап беретін болсын, - дейді Ньюзэм.
АҚШ құқыққорғау органдарының шешіміне Эрдоган бірден жауап қатты. Ол мұның барлығына «саяси және құқықтық әдістермен» жауап беруге уәде берді.
- Бұл не деген заң? Егер менің күзетшілерім мені қорғамаса, мен оларды неліктен Америкаға алып келдім?, - дейді түрік жетекшісі.
Американдық сенат NASA-ны Ресейге қарсы санкциядан шығарды
Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді көздейтін американдық заңжобасына енгізілген өзгерістер NASA желісі бойынша ынтымақтастық құжатын шектен шығарады.
Сенаторлар ресейге қарсы түзетулер енгізілген құжаттарды жалпы бекітті, бірақ оған нақтылықтарды да қосты.
Санкция әрекетінен Ресеймен NASA-ның ынтымақтастығы, Мәскеумен ғарышқа коммерциялық ұшырулар бойынша әрекеттестік сұрақтары шығарылды. Мұны жасау міндетті еді, себебі ресейлік ракета қозғалтқыштары американдық Atlas V және Antares ракеталарында қолданылады.
Нью-Йоркте автокөлік бір топ адамға килікті
Нью-Йорктегі Манхэттенде автокөлік жаяу жүргіншілерге соқтығысып, нәтижесінде он адам зардап шекті, деп хабарлайды New York Daily News.
Басылым ақпаратынша, ЖКО 37-ші Уэст-стрит және Тоғызыншы авенью көшелерінің қиылысында болған. Зардап шеккен он адамның бірі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары оқиға орнында медициналық жәрдем алған.
Полиция болған оқиға мен зардап шеккендердің саны туралы растады.
Куәгерлердің айтуынша, автокөлік жүргізушісі бағдаршамның сары белгісінде қиылысты кесіп өтпек болған.
Kiss тобының фронтмены роекрлік «ешкі» белгісіне патент алып алмақ
Атақты музыкант Джин Симмонс кең танымал рокерлі «ешкі» белгісіне патент алып алмақ.
Аңызға айналған Kiss рок-тобының жетекшісі бұл белгіні 1974 жылы алғашқы болып пайдаланғанын айтады. Kiss фронтменының айтуынша, бұл топтың Hotter Than Hell турында болған.
Музыкант АҚШ тауар белгілері мен патенттерді тіркейтін ұйымға барған.
Алайда кейбір БАҚ өкілдері Симмонсқа 1966 жылы «мен рокты сүйемін» деген түсінікті жеткізу үшін Джо Леннон Yellow Submarine альбомының қаптамасында осы белгіні пайдаланғанын ескертті.
Американдық теңізшіні бір апта бойы теңізден іздеген
Жапондық Окинаваға жақын маңда американдық және жапондық әскерилер бір апта бойы құтқару операцияларын жүргізген. АҚШ кемесінің біріндегі жоғары лауазымды теңізшіні жеті күн қатарынан іздеген.
Олар теңізші 8 маусым күні борттан құлап кеткен деп пайымдаған. Тікұшақтар іске қосылып, теңіздің тоғыз мың шақырымы қаралған. Ер адам өлген деп есептелген.
Алайда ракеталық крейсер инденерін бір аптадан кейін кеме бортынан тапқан.
Американдық теңізшіні бір апта қатарынан теңізден іздесе, ол кемеде тірі жүрген. Оқиғаның мән жайы ашылмай отыр. NY Daily News басылымының айтуынша, инженер бұл уақыт аралығында машина бөлімінде жасырынып отырған.
Следующая →
Тақырыптар:
Охрана Реджепа Тайипа Эрдогана ЧП в Нью-Йорке Группа Kiss Необычные новости Сенат США Утренняя панорама мировых новостей