Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

12 маусымға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Литвада НАТО-ның ауқымды дайындығы басталды 12 маусым күні Литвада ағымдағы жылғы ең ауқымды халықаралық Темір қасқыр 2017 әскери дайындығы басталады. Республиканың қорғаныс министрлігі хабарлағандай, орағыту дайындығына Литваның 5,3 мың әскери қызметкері мен НАТО елдерінің тоғызы: Бельгия, Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Люксембург, Германия, Норвегия, Нидерланд және Португалия қатысады. Темір қасқыр 2017 дайындығы Литваның оңтүстік, орталық және шығыс өңірінде 12-24 маусым аралығында өтеді. Оның аясында Литвада жинақталған халықаралық НАТО батальоны әскери қызметкерлерінің дайындығы бағаланады. Сонымен қатар, орағыту дайындығы барысында Сувалкск учаскесінде күшті біріктіру үшін республикаға НАТО әскерімен келген Польша жауынгерлерінің бірлескен жұмысы бағаланады. «Темір қасқыр 2017» дайындығы Балтық пен Польша елдерінде жыл сайын өтетін шаралардың бірі. Дайындықты АҚШ-тың Еуропадағы жаяу әскерінің штабы ұйымдастырады. АҚШ Сенатында Ресейге «соққы» дайындауда – БАҚ Республикандық және демократиялық партия сенаторлары ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы келісімге жақын қалды, деп жазады Politico. Мақалада жазылғандай, келісімге келуге кедергі болып отырған негізгі жағдай – Ресейге жаңа «соққының» қаншалықты күшті болуындағы қарама-қайшылық. Демократтар заңнамалы түрде АҚШ президенті Дональд Трампқа санкцияларды жұмсартуғы тыйым салып, Ресейдің сайлауға араласуына қатысты айыпқа байланысты жаңа санкциялар енгізу керек деген ниетте. Республикандықтар болса бұл сұраққа әлдеқайда сақ. Алайда, олардың ішінде қазіргі санкцияларды қолдап олардың кеңейтілуіне, жаңасын енгізуге қарсы емес Линдси Грэм де бар. Ресейді істегені үшін жазалағысы келмеген кез-келген конгрессмен демократияны сатқаны, - дейді Грэм. Оның пікірінше, егер Конгресс бұл заң жобасына қолдаса, ал Трамп қол қоймай қоса, сатқындық жасаған болып табылады. Естеріңізге саламыз, дауыс беру рәсімінен өткен заң жобасы күшіне ену үшін, Сенаттың шешімді қолдауын алып, АҚШ президентінің қолын алу үшін Палата өкілдерінен асып түсуі керек. Трамп ФББ экс-басшысын қорқақ деп айыптады АҚШ президенті Дональд Трамп жасырын әңгімелеріне баспаға таратып жіберген ФББ экс-басшысы Джеймс Комиді Твиттерден қорқақ деп айыптады. Меніңше, Джеймс Комиден ақпараттың қолдан кетуі кім ойлағаннан да ауқымды болады. Заңсыз ба? Өте «қорқақ!», - деп жазады Трамп Естеріңізге саламыз, Конгресске көрсетілім барысында, Коми президентпен бірнеше мәрте кездескенде өзін жайсыз сезініп, әңгіме барысын жазып отырғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, кейін ол жазбаларды досына, ол БАҚ өкілдеріне берген. Катар Ресей көмегінен бас тартты Катар билігі қажеттілігі жоқ екенін айта отырып, Ресей жағынан көмектен бас тартты. Бұл туралы елдің СІМ басшысы Мухаммед бен Абдель Рахман Аль Тани Ресей-24 эфирінде мәлімдеді. Ресей тарапынан Катарға қолдау көрсету ұсынысын РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров ұсынды. Ол бұл араб елінің айналасындағы дағдарысты шешуге бар күшін салатынын уәде еткен. Ресей қажетті жағдайда қол ұшын созатынын айтты, қазір ондай сәт туындап тұрған жоқ, - деді Аль- Тани. Оның айтуынша, Катар блокадасы бұл эмираттың тұрғындарына ешқандай қиындық әкеле қойған жоқ. Барлығы өз ағынымен, қалай өмір сүрді, солай жалғасуда. Өмір жалғасуда – ешқандай салдар байқалмады, - деп атап өтті сыртқы істер министрі. Саясаткер, өз еліндегі үкіметтің бірқатар араб елдері жағынанан қарсы жүргізіліп жатқан кампанияны бастау үшін бұл «негіздің әлсіз» деп санайтынын жеткізді. Жерге жаңбырлы болашақ болжанды NASA ғалымдары жер тұрғындарының климаттық болашағына қайғылы болжам айтып отыр. Олар жаңбыр түріндегі жауынш-шашынның жиі болатынын болжап отыр. Бұл туралы Nature Communications хабарлайды. Ғалымдардың пікірінше, климатологтар құрған модельдер шындыққа сай келмейді. Себебі оны құру барысында маңызды фактор есепке алынбаған – тропиктер үстіндегі бұлттар көлемінің әрқашан қысқарып отыруы. Бұл өңірдегі суықтық орнауына алып келеді. Себебі үлкен көлемдегі ылғал буланатын болады. Бұл бүкіл әлем бойынша жаңбырдың көбейюіне алып келеді. NASA өкілдері бір жайтқа сенімді: Жердің болашағына құрылған ұзақ мерзімді болжамдарды қайта қарау керек.
Следующая →