Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Канада премьері Рим Папасынан кешірім сұрады

Католик шіркеуінің канадалық мектептегі білім жүйесіне кері әсерін тигізгені үшін кешірім сұралды

Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның айтуынша, шіркеу «көптеген онжылдықтар ішінде жергілікті халықтарға зиянды ықпалын жүргізген».

Трюдо G7 саммиті аясында Италияға барған сапарында дүйсенбі күні Ватиканда понтификпен кездесті.

Аталмыш интернаттар 80 жылдардың аяғында болған. Оларға Канаданың түкпір түкпірінен абориген балаларды «канадалық қоғамға енгізу үшін» тасымалдаған. Аталмыш мектеп түрінің соңғысы қоғамның қысымымен 1996 жылдың соңында ғана жабылды.

Мен оған канадалықтардың түзу жолмен жергілікті халықпен шынайы достыққа келудің маңызын айтып, кешірімнің (католик шіркеуінен) көмектесе алатынын жеткіздім, - деді Трюдо Рим Папасымен кездескеннен кейін.

Өзі де католик болып табылатын Трюдо дәл осындай кешірімді Канадада сұрауы үшін понтификті шақыра отырып, Франциск оның сөзін түсіне алғанын, себебі «әлеуметтік әділеттілік түсінігінен алшақ» емес екенін білдірген. 2015 жылы Боливияда Рим Папасы Американың жергілікті тұрғындарын қудалауға католик шілкеуінің қатысқаны үшін кешірім сұраған.

120 жылдық тарих ішінде 150 мыңнан астам аборигендердің балалары жанұяларынан күштеп алынып, шіркеулік мектеп-интернаттарға жіберілген. Оларға өз тілінде сөйлеуге, өз мәдениетін ұлықтауға тыйым салынған. Аталмыш мекемеге түсіп, жақындарынан үзілген жүздеген тәрбиеленушілер кейін өз-өздеріне қол салған. Мектептерде сексуалды және физикалық зорлық болған. globalnews.ca басылымы 11 жыл бойы Британдық Колумбия мектеп-интернатында оқыған Джоэефтың ол жер туралы «айуандық» деген сөзін мысалға келтіреді. Ол интернаттан кейін алкогольдікке салынып, жан күйзелісіне түскен.

Следующая →