Әйел адам мас азаматты көлігімен қағып кетті
Жол-көлік оқиғасынан 25 жасар қала тұрғыны зардап шекті. Ол тобығын сындырып алған
Өткен сенбіде ЖМК ауданындағы Өтепов көшесі бойындағы «Океан» сауда үйінің маңында көлік мінген әйел адам жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Алайда, полиция қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек азамат жолды рұқсат етілмеген орыннан кесіп өткен.
- 1992 жылы туылған жаяу жүргінші жарақат алып, тобығы сынған, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Сонымен қатар, жолды кесіп өткен азаматтың мас күйінде болғаны анықталған.
Айта кетейік, көлік тізгініндегі бойжеткен 20 жаста. Тәртіп сақшылары бойжеткенге қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.