Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

23 мамырға арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Тереза Мэй терактіге байланысты сөз сөйледі

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Манчестер Арена стадионында орын алған жарылысқа байланысты баяндама оқыды, деп хабарлайды The Guardian.

Британ премьері жарылыстан қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтты.

Полиция өте қасіретті деп таныған террорлық акті туралы тиянақты ақпарат алу үшін жұмыс істеудеміз. Біздің барлық ойымыз оқиғадан зардап шеккендер мен олардың жанұяларымен бірге, - дейді Мэй.

Ақ үй әскери көмекті несиеге ауыстыратындарын нақтылады

Ақ үйдің әкімшілік-бюджеттік басқармасының директоры Мик Малвейни АҚШ-тың бірқатар елдерге әскери көмек көрсету туралы ережесіндегі гранттың кредитке ауысатынын мәлімдеді.

Біз бірнеше шетелдік әскери бағдарламаны тура гранттан несиеге ауыстырамыз. Біреуге 100 миллион доллар бергенше, оларға кредиттік кепілдік бере аламыз және олар көбірек дүние сатып ала алады, - деді ол.

Мұнымен қоса Малвейни бағдарламаның Израиль мен Египетте сақталатынын атап өтті.

Еуротоп пен Греция жаңа транш бойынша келісімге келе алмады

Еуроаймақ (Еуротоп) елдерінің қаржы министрлері кеңесі дүйсенбі, 22 мамырда өткен отырыста Грецияға жаңа несие траншын бөлу туралы келісімге келе алмады. Бұл туралы Еуротоптың басшысы Йерун Дейссельблум мәлімдеді.

Біз шаралар пакеті (қаржылай демеу бағдарламасы бойынша Грециямен талап етілген) бойынша алпауыт үрдіс жасадық. Имплементация бойынша Грецияда енгізуге келісілген реформалар мен шаралардың жұмысын жоғары бағалаймыз. Греция билігі біздің келесі траншты бөлу бойынша жұмысымызды жалғастыру үшін тезірек қимылдауда, - деді ол.

Дейссельблум отырыс барысында көтерілген бірінші тақырып тұрақты қарыз туралы болғанын атап өтті.

Қазігі уақытта әңгімеміздің бұл бөлігі бойынша келісімге келе алмадық. Алдыңға апталарда бұл сұрақ төңірегіндегі жұмысымызды жалғастырамыз және келесі Еуротоп барысында келісімге келуге тырысамыз, - деді Еуротоп басшысы.

ЕОБ және өзге кредиторлары алдындағы 7,5 миллиард еуроға жеткен қарызын шілде айында өтеу үшін Грецияға жуық апта ішінде жаңа несие траншын алу керек.

БҰҰ КХДР елін баллистикалық ракеталарды ұшыруды тоқтатсын деп шақырды.

Біріккен ұлттар ұйымы КХДР-ды баллистикалық ракета сынағын тоқтатуға шақырды. Бұл туралы БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды батыс БАҚ өкілдері.

Бұл әрекеттер өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қайшы келеді, - деді Дюжаррик.

Естеріңізге саламыз, 21 мамырға қараған түні Солтүстік Корея орташа радиустағы баллимтикалық ракетаның кезекті сынағын өткізді. Ракета 500 шақырымға дейін ұшқан. Бұл КХДР елі 2017 жылы жүргізген сегізінші ракета сынағы.

Трамптың әйелі Израильде жарының қолын алудан бас тартты

Тель-Авив әуежайында АҚШ бірінші ханымы Меланья Трамп күйеуі Дональд Трамптың қолын алудан бас тартты.

Атап өту керек, бұл оқиға әлеуметтік желіде кең талқыға түсті.

Басылымның хабарлауынша, Меланьяның мұндай әрекеті түсініксіз және оның көңіліне ұшы барысындағы турбуленттілік әсер етуі мүмкін.

АҚШ бірінші ханымы күйеуінің президент ретіндегі бірінші шетелдік сапарында бірге жүр. Жұп өткен демалыс кезінде Сауд Арабиясында болып қайтты. Бұл сапарында Nрамп саудиттермен 380 миллиард долларлық келісімге келді.




Следующая →