Макрон ЕО-ты өзгерту туралы реформаларға дайын екендігін жеткізді
Францияның жаңа башысы Еуропаны реформалау туралы мәселені Германиямен және Италиямен талқылауға әзір екендігін айтты
Бұл жайында Франция президенті 21 мамыр күні Италия премьер-министрі Паола Джентилонимен болған кездесуде айтқан.
Италья премьер-министрі мигранттарға қатысты ортақ еуропалық саясат туралы да өз ойын айтқан.
Сонымен қатар, Макрон мен Джентилони экономикалық мәселелерді де талқылаған. Франция президенті «ортақ әлеуетті бюджет» құруға да қарсы емес екендігін жеткізген.
Айта кетейік, Италия премьер-министрі Макронның президент болып сайланғанынан бері бірінші рет қабылдаған шетелдік мемлекеттердің басшысы еді.