Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

22 мамырға арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

КХДР Пуккыксон-2 ракетасын өндіруді бастайды

Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын Пуккыксон-2 ракетасының ұшырылуын «100 балдың 100-і» деп бағалап, жуық арада елдің қарулы күштерін жабдықтасын деген бұйрық берді, деп хабарлайды NHK телеарнасы.

«Әскери күшейтуге дейінгі соңғы сынақ» деп аталатын сынаққа ел жетекшісі Ким Чен Ын өзі қатысқан.

Тез арада жаппай өндіріске көшіп, әскерді қаруландыру керек, - деді Ким Чен Ын.

РФ-да АҚШ-тың сайлауға араласты деген сауалнамасына жауап берілгені туралы хабарланды

РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Олег Храмов сұхбат барысында Мәскеудің Демократиялық партия серверін бұзғаны, американдық президент сайлауына араласқаны туралы АҚШ-тан келіп түскен сұранымдардың барлығына ресей жағы толық жауап бергенін мәлімдеді.

«Ресейлік профильді мекемелер шетелдік серіктерден келіп түскен сұранымдардың барлығына өз уақытында жауап береді. Сондықтан жауап қараша айында бірден берілді. Қосымша ақпараттар сұралды, себебі бірінші сұранымдағы деректер нақты болмады, әрі БАҚ сұрақтарын ғана қайталады. Біздің білікті мекемелер серіктестерінен нақты IP мекен жайлар мен шабуыл көздерін сұрады», - дейді Храмов.

Оның айтуынша бірінші сұраным АҚШ-тағы қараша сайлауына бір апта қалғанда ғана келген.

«Қосымша деректер баяндалған екінші сұраным ағымдағы жылдың басында ғана келді. Оған жедел түрде өрістетілген жауап қайтарылды», - деп мәлімдейді РФ Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

Ресей жауаптарының мазмұны жайында айта келе, сұранымда «барынша толық жауап берілген нақты сұрақтар болды, сол сияқты техникалық тұрғыдан да». «Президент Владимир Путин осыған дейін деп хабарлап келгендей, РФ өзге мемлекеттердің ішкі істеріне, сол сияқты сайлау үрдістеріне де араласпайды. Кейбір елдердің біздің ішкі істерге араласқаны туралы мысалдар да бар, алайда бұл мүлдем өзгеше сұрақ», - дейді Храмов.

Трамп Израиль мен Палестинаны бейбітшілікке әкелуге уәде берді

Екі елдің арасын бейбітшілікке әкелуге уәде бере отырып, АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Палестинаға екі күндік сапарына аттанады. Бірақ, өзінің алдыңғы ізашарларының қолынан келмеген әрекетті қалай үйлестіретінін түсіндірмеді.

Аталғандай, жергілікті жетекшілер американдық қонақты лайықты түрде қарсы алмақ және оны «тарихи» деп атауда. Алайда бұл кездесулердің нақтылыққа толы болатынына ешкім сенімді емес.

«Президент Трамппен Құрама Штаттардың маңызды әрі берік альянсын қалай нығайта түсу керектігі туралы сөйлесемін», - дейді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Сайлаудан кейін американдық жетекші палестиналық-израильдік қайшылықты ретке келтіру ниеті туралы хабарлаған.

Эрдоган Түркияның билеуші партиясын қайта биледі

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган билеуші әділеттілік пен даму Партиясын қайта басқарды. Аталмыш шешім партияның Анкарадағы кезектен тыс ІІІ сьезінде қабылданды. Эрдоган төрағалығына сьездің 1414 делегаты дауыс берді.

Эрдоган сөз сөйлеу барысында 21 мамырдағы шараның «ел мен партияның тұтас дамуы жаңа кезеңге бастама болады» деп мәлімдеді.

Алдыңғы айлар көптеген салаларды алға жылжытады. Соның ішінде экономикалық сала мен терроризммен күрес те бар, - деді ол.

Конституция талаптары бойынша, Эрдоган билеуші партияның қатарынан 2014 жылдың 27 тамызында, президенттікке сайланғаннан кейін кеткен. Ол кезде партия Ахмет Давутоглудың қолына өткен.

16 сәуірде өткен референдумдегі Түркия Конституциясына енгізілген өзгерістер, Эрдоганның билеуші партия басшылығына қайтып келуіне мүмкіндік тудырды.

Ғалымдар астма ауруын анықтайтын футболка ойлап тапты

Квебектегі Лаваль университетінің ғылыми қызметкерлері иесінің демінің жиілігіне байланысты астманың бар, жоғын анықтайтын ерекше футболка ойлап тапты, деп хабарлайды БАҚ:

Ешқайндай сым да, электрод та жоқ. «Ақылды» киім үлгісі қарапайым, қолданысқа жеңіл: кеуде тұсындағы матаға тігілген оптикалық талшықтан тұратын, күміспен қапталған антеннамен жұмыс істейді. Футболка адамның әр демін бақылап, жиналған ақпараттар бейімделген мобильді қосымшалар арқылы өңделетін смартфонға не болмаса персоналды компьютерге жолданады.

Мамандардың айтуынша, жиналатын ақпараттардың көрсеткішіне адамның отырған, тұрған, жатқан жайы да әсер етпейді. Барлығы нақты есептеледі. Сонымен қатар футболкаларды жуса да құрылғының жұмысы ұзаққа дейін сақталады.

 

Следующая →