БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореямен ұшырылған ракеталарды талқылайды
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сейсенбі, 23 мамыр күні КХДР елінің кезекті ракета жіберуіне байланысты төтенше кеңес өткізеді
АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея бастамашы болып отырған кездесу жабық есік аясында өтеді.
Естеріңізге саламыз, 21 мамыр күні Оңтүстік Корея әскерилері КХДР елінің батысынан баллистикалық ракета ұшырылғаны туралы хабарлаған. Ракета 500 километр қашықтыққа ұшып, Жапон теңізіне құлаған. Кейін Солтүстік Корея орта қашықтықтағы баллистикалық ракетаның сәтті ұшырылғаны туралы мәлімдейді.
КХДР жетекшісі Ким Чен Ын ракетаның жіберілуін өзі қадағалап, оны «100 баллдың 100-і» деп бағалаған. Ол Пуккыксон-2 ракетасын жаппай өндіру жұмысына тезірек көшіп, әскерді қаруландыру керек деген шешімге келген.