"Яндекс. Украина" компаниясының есепшоты құлыпталды
«Яндекс» компаниясы Украинадағы серіктестеріне есепшотының құлыпталғандығын әрі соған байланысты қызмет қаражаттарын төлей алмай отырғандығын айтты
- Компания серіктестерінің есепшотына ақшалай қаражат аудара алмай отырғандығын хабарлайды, - деп атап өтті «Яндекс. Украина».
Компания кеңсесі есепшоттың бұғатталғандығын Украина президенті Петр Порошенконың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ресейлік заңды тұлғаларға қатысты шығарған санкциясын мақұлдаумен байланысты деп отыр.
«Яндекс» сонымен қатар бұл мәселенің жақын уақытта шешілмейтіндігін, серіктестердің есепшотына ақша аударудың басқа да заңды жолдарын қарастырып жатқанын ескертті.
Еске сала кетейік, бір күн бұрын Украина президенті «Яндекс», «Мэйл.ру» интернет сервистері мен «Вконтекте», «Одноклассники» әлеуметтік желілерін ел аумағыда таратпау туралы шектеу қойған еді. Санкция 3 жылға созылады.