Иран АҚШ-қа қатысты жауапты санкциялар қоятыны туралы жариялады
Иранның СІМ жуықта Вашингтонмен қабылданған рестриктивті шараларына ұқсас АҚШ тың заңды және физикалық тұлғаларына санкция қоятыны туралы бейсенбі күні жариялады
Санкциялар АҚШ-тың тоғыз компаниясы мен физикалық тұлғаларына қатысты. Олар «Сионист режимімен басып алынған шекараларда адамзат баласына қарсы тікелей немесе жанама қылмысқа қатыса отырып адам құқығын қатаң бұзуға» қатысты деп хабарлайды ирандық БАҚ өкілдері елдің сыртқы істер мекемесіне сілтеме жасай отырып.
Ирандық СІМ жаңартылған санкциялық тізімі лайықты органдармен бекітілгеннен кейін жарияланады, делінген хабарландыруда.
Жуықта АҚШ қаржы министрлігі Иранның ракеталық бағдарламасына және Сирияға қолдау көрсеткені үшін санкциялық тізімге үш физикалық тұлға мен төрт компанияны қосты.
Министрліктің мәлімдеуінше, сәрсенбі күні жарияланған санкция тізімінде екі ирандық әскери қызметкер бар. Олардың бірі баллистикалық ракеталардың қатты отыны бағдарламасымен байланысы бар ұйымның директоры болса, екіншісі Сирияға әртүрлі қолдау көрсетеді. Яғни, Дамаскіге жарылғыш заттарды алуға да көмектеседі. Тегеран АҚШ Әкімшілігінің шешімін тиімсіз, заңсыз және халықаралық нормаларға сай келмейді деп тапты.
Мұнымен қоса Иран өзінің «қорғаныс мүмкіндігін жылжытуға айтқысыз құқықты» екенін растай отырып, БҰҰ ҚК № 2231 қарары мен халықаралық міндетіне ешқандай қайшылық тудырмайтын ракеталық бағдарламасын сенімді түрде жалғастыра беретінін айтты.