Жапония: Ресейдің Солтүстік Кореяға қатысты іс-әрекеттері қадағалауда болады
Жапония билігіне Ресейдің Солтүстік Кореядағы жағдайларға қатысты қандай әрекет қолданатындығы қызықты болып отыр. Сол себепті Ресейдің қандай әрекеттерге баратындығы жеке бақылауымызда болады дейді
- Біз Солтүстік Кореядағы жағдайды реттеу үшін барлық мемлекеттердің атсалысқанын қалаймыз. Соған сәйкес РФ-ның Солтүстік Кореяға қатысты қандай әрекеттерге көшетіндігі біз үшін қызықты болып отыр. Біздің ойымызша, Ресей елі де Солтүтсік Кореядағы жағдайды тоқтатуға өз үлесін қосуы тиіс, - деді министрлер кабинетінің генералды хатшысы Ёсихидэ Суга.
Хатшынының сөзіне қарасақ, Жапония Мәскеу билігімен өзара бейбітшілік қатынасты ұстана отырып, жағдайды реттеуге бірге атсалысуға дайын екендігін аңғартады.
Ал бүгін Ресейдің Владивосток қаласына Солтүстік Кореяның Mangyongbong-92 ("Мангёнбон-92") теңіз кемесі келіп тоқтамақ.