ФББ экс-басшысы Трамптың Ресеймен байланысы бойынша тергеу кеңесшісі болды
Американдық жетекші сайлауалды кампания барысындағы Ресеймен байланысын жоққа шығарады және тергеудің тез бітетініне сенімді
ҚШ Әділет министрлігі ФББ экс-басшысы Роберт Мюллерді 2016 жылғы АҚШ президентінің сайлауына Ресейдің араласу ықтималдығын тергеу бойынша арнайы кеңесші етіп тағайындады
Тағайындау жұмысы американдық әділет министрлігімен байланысы жоқ мамандарға тергеу жауапкершілігін арту туралы АҚШ Демократиялық партиясы өкілдерінің шақыруы аясында өтіп отыр.
Ақ үйде хабарлағандай АҚШ президенті Дональд Трамп Мюллердің тағайындалуына қатысты пікір білдірген.
Осыған дейін айтқанымдай, тиянақты тергеу жұмыстары біз білетін дүниелерді растайды, - менің сайлау алды кампаниям мен шетелдік өкілдер арасында ешқандай байланыс болған жоқ. Аталмыш тергеу жұмыстары тез бітеді деп күтемін, - дейді ол.
Осыған дейін сенаттың заң комитетіне және мемлекеттік реформа мен бақылау бойынша палата комитетінің өкілдігіне кіретін демократтар тез арада АҚШ президенті Дональд Трампқа, Әділет министрлігінің басшысы Джефф Сешнс пен Ақ үйдің бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуді талап еткен болатын.