18 мамырға арналған таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
АҚШ Конгрессі Асадты қолдағаны үшін Ресейге қарсы санциялар туралы заңды қабылдады
АҚШ Конгрессі өкілдерінің палатасы Сирия президенті Башар Асадтың режиміне әскери және қаржылай қолдау көрсетіп отырғаны үшін Ресей мен Иранға қарсы санкция орнату туралы заң жобасын қабылдады
Асадтың адамзат баласына жасаған қылмысы жауапсыз қала алмайды. Бұл жаңа санкциялардың көмегімен сириялық режим мен үлкен қолдау көрсетіп отырған Ресей мен Иранға қарсы қысымды жалғастыра береміз, - дейді палата өкілдерінің спикері Пол Райан.
Трампқа тарту етілген қылышты БАҚ өкілдеріне қарсы пайдалансын деген ұсыныс айтылды
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Джон Келли президент Дональд Трампқа сыйға тартылған қылышты журналистерге қарсы пайдаланыңыз деген кеңес айтты.
Микрофонға айтылмаса айтарлықтай жақсы естіліп тұрған орынсыз қалжыңды CNN телеарнасы жариялады.
Трамп пен Келли АҚШ теңіз әскерінің Академиясының бітіру салтанатында отырған. Салтанатты шара барысында американдық жетекшіге ұзын марапаттық қылыш тарту етілді.
Келлиі Трампқа: «Сэр, мұны баспаға қарсы қолданыңыз» деді. Президент миығынан күле отырып, «Иә, дәл солай» деп жауап қайырды.
Орындықтардың трибунадан әлдеқайда алшақ орналасқанына қарамастан микрофондар қысқа әңгімені естіп қойған.
ЕО-да Венгрияға қарсы санкция орнатуға шақырды
17 мамыр күні Страсбургтегі пленарлы сессия барысында Еуропарламент Венгриядағы құқықтық ұлықтау принципіне ықтималды қауіпке байланысты ықтималды санкция орнатуға шақыру қарары қабылдады.
Қабылданған қарар жобасында еуродепутаттар сөз бостандығы, академиялық бостандық,баспана іздеп жүргендер мен мигранттар құқығын, жиналыс бостандығына, мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмысқа шектеу, ұлттық құқық пен сексуалды аздық, конституциялық жүйенің жұмысына қарсылық және әділеттіліктің тәуелсіздік принципінің бұзылғандығы туралы айтуда.
Олар венгер үкіметінің Брюссельді Тоқтатыңдар атты бастамасы мен Орталық-Еуропалық университетіндегі американдық миллиардер Джордж Соросқа тиесі қордың шетелдік қызметкерлеріне қатысты тергеу жұмыстарына алаңдаушылық тудыруда.
Колумбия портында орын алған жарылыстан алты адам қаза тапты
Колумбиялық Картахена-де-Индиас портында жарылыс болды. Кариб жағалауындағы елде орын алған жарылыста төрттен алты адамға дейін құрбан болған, бұл туралы RCN хабарлайды.
Алдын ала деректер бойынша, жарылыс өндіріс орнында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан баржада орын алған. Ғаламторда қара түтіннің көкке көтеріліп жатқаны туралы куәгерлердің бейнебаяны пайда болған.
Жарылыстың нақты салдары анықталуда. Баржа трюмында шоғырланған газ кездейсоқ ұшқыннан тұтануы мүмкін деген нұсқалар айтылады.
Google өз өнімдеріне компьютерлік көз орнатады
Google компаниясы өз құрылғыларына компьютерлік көз орнатады. Бұл туралы Google өткізген конференцияда Сундар Пичаи хабарлады.
Бар болғаны Android-құрылғысының камерасын қызығушылық тудырған нысанға қойса жеткілікті. Экранда бірден жетімді ақпараттар пайда болады.
Суреттердегі адамдар мен заттарды айыра алатын Lens жүйесі жуық арада Google Assistant көмекшісі мен Google Photos сервисінде сервисінде пайда болады. Кейін компьютерлік көз компанияның өзге өнімдерінде пайда болады.