Филиппин Конгресі ел президентіне деген сенімсіздікті жариялаудан бас тартты
Филиппин конгрестері комитеті ел президенті Родриго Дутертенің сенімздігі жөніндегі ақпаратты жарияламай отыр
Әділет комитетінің мүшелері мен саяси оппозиция өкілі Гари Алехано бастаған топ ел президентіне қарсы арыз айтқан еді.
Алехано Дутертені өз қызметін асыра пайдаланды, есірткі саудасымен айналысатын қылмыскерлерді соттың үкімінсіз өлтірді әрі теңіз шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр деп айыптады.
2016 жылы билік басына келген Дутерте есірткі бизнесі мен коррупцияны түбімен құртуға уәде берген еді. Өткен жылдың желтоқсанында жеке өзі 3 есірткі сатушыны өлтіргенін мойындаған.
Дутертенің бұл әрекеті халықаралық құқық қорғау ұйымдары тарапынан бірнеше рет сынға ұшыраған еді. Ал президенттің өзі бұндай сыни пікірлерді елемейді де. Тіпті, Рим папасына да тіл тигізген кезі болған.