Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

15 мамырға арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

КХДР ракетаны сәтті сынақтан өткізгені туралы хабарлады

Солтүстік Корея «жер-жер» түріндегі орташа қашықтықтағы баллистикалық ракетаны сәтті ұшырғанын хабарлады, дейді Уonhap

КХДР билігі мемлекеттік телеарналар арқылы 14 мамыр күні 2 километр биіктікке көтеріліп 787 шақырымға ұшқан Hwasong-12 ракетасына сынақ өткізгенін хабарлаған.

Аталғандай, бұл Солтүстік Корея шығарып жүрген ракетаның жаңа түрі болуы мүмкін.

Йемен астанасында тырысқан ауруына байланысты ТЖ енгізілді

Йемен астанасы Санеда ондаған адамның өмірін қиған тырысқан эпидемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілді.

Йемен денсаулық сақтау министрлігі «айтқысыз апаттан» сақтану үшін гуманитарлы ұйымдарды эпидемиямен күреске шақырды.

Йемендік Saba агенттігінің хабарлауынша елдің денсаулық сақтау жүйесі Йеменде ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан қайшылықтарға байланысты айтарлықтай зардап шеккен, сондықтан мәселені шешуге қауқарсыз.

Елдегі бірнеше медицина мекемесі ғана жұмыс атқарып тұр, ал жергілікті мекенннің үштен екісі әлі күнге дейін қауіпсіз ауыз сусыз отыр.

Йемен билігі аурудың таралымы туралы алғаш рет 2016 жылдың қазанында хабарлаған болатын. Кейбір ақпараттар бойынша жұқпалы дерт асқынып тұрған өңірлерде 7,6 миллион адамға дейін өмір сүреді.

Миллиондаған компьютерлерді WannaCry алдында дәрменсіз

Киберқауіпсіздік саласының мамандары 12 мамыр күні ірі көлемдегі кибершабуыл жасаған WannaCry вирусының алдында 1,3 миллион компьютерлік жүйе әлсіз, деп хабарлайды Financial Times.

Басылымның хабарлауынша, британдық барлау өкілдері келесі аптада бүкіл әлем бойынша басталуы мүмкін кибершабуылға коммерциялық ұйымдардың дайын болғаны дұрыс.

Медициналық қызметтен басқа, өзге британдық орталықтарға шабуыл жасауға тырысу әрекеттінен хабардармыз, - деп хабарлайды Ұлыбританияның Ұлттық киберқауіпсіздік орталығының директоры Киаран Мартин.

Анықталғандай, хакерлер АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің жетілдірілген зиянды бағдарламасын пайдаланған. Financial Times киберқауіпсіздік саласындағы сарапшыларға сілтеме жасай отырып, eternal blue деп аталатын американдық барлау қызметінің құрылғысы WannaCry «бопсалаушы-бағдарламасымен» біріктірілген.

Мәскеуде мыңдаған адам үйлерді қиратуға қарсы шықты

Мәскеудегі астаналық бес қабатты үйлерді қиратуға қарсы митингке 19 мыңнан астам адам қатысты.

Полиция тек бес мыңға жуығын есептеген. Мәскеу мэриясы дәл осы сандағы қатысушыларға келісім берген болатын.

Митингке муниципиалды депуттар мен реновацияға қарсы қоғамдық қозғалысты шығарушылар қатысты.

Мәскеуде 15 мамыр күні мэрия қиратуға белгілеген үй тұрғындарының дауыс беруі басталады.

Мәскеуліктер реновацияға не келіседі, не қарсы болады.

Үйді қиратуға қарсы шығып отырғандардың пікірінше, реновация «құрылысшылар мен банктердің пайдасына ғана» шығарылған.

Боснияда Меланья Трампқа есерткіш орнатқылары келеді

Солтүстік Боснияда АҚШ бірінші ханымы Меланья Трампқа кескерткіш орнатпақ, деп хабарлайды Sarajevo Times.

Аталғандай, АҚШ президентінің жарына арналған ескерткішті Баня-Лука қаласындағы Бема аяқ-киім фабрикасының алдына қоймақ. Мұндай бастаманы фабриканың техникалық директоры болып табылатын жергілікті депутат Марико Умицевич көтерген.

Меланья Трамптың ескерткіші өзінің табиғи болмысына сай жасалатын болса, оны американдық жетекші Дональд Трамп пен ресейлік президент Владимир Путинге ескерткіш дайындаған мүсінші Стево Стелак жасайды.

Умицевтің айтуынша ескерткіш 20 шілдеге дейін орнатылады. Ол 50 жылға кепілдендірілген гипстен жасалатын болады. Депутат тіпті «тас Меланьяның» қандай болатынын, қандай киімде болатынына дейін анықтап қойған.

Осылайша Умицевич АҚШ пен Боснияның достық қатынасына өз үлесін қосқысы келеді және бірінші ханымды Баня-Лукуге шақырмақ.

 

Следующая →