Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

12 мамырға арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп киберқауіпсіздікті күшейтуге бұйрық берді

Америка президенті Дональд Трамп киберқауіпсіздікті күшейту туралы қаулы шығарды. Бұл туралы оның ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Томас Боссерт хабарлады, деп жазады батыс БАҚ өкілдері.

Кеңесшінің айтуынша, қаулы федералды желілер мен маңызды американдық инфрақұрылымдарды хакерлер шабуылынан қорғанысты күшейтуге, ғаламтор-пайдаланушыларына бірқатар ережелерді сақтауға бағытталған.

Оның айтуынша, Трамптың бұл бұйрығы ресейлік кибершабуылдар туралы хабарландыруға қатысы жоқ.

Бұл Ресейге байланысты емес, АҚШ қауіпсіздігіне арналған, - деді Боссерт қойылған сұрақтарға жауап бере отырып және Америкаға тек РФ хакерлері ғана шабуыл жасаймайтынын айтып.

АҚШ Сириядағы деэскалация өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды – АҚШ мемлекеттік департаменті

Вашингтон Сириядағы деэслакация төңірегіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды, деп хабарлады бейсенбі күні Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Джошуа Бейкер «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.

Деэслакация зоналары ойын қолдаймыз, бірақ кеселдің барлығы бөлшектердің арасында. Оның қалай жұмыс істейтінін біз білмейміз. Бірақ ол сириялықтардың дертін жеңілдетуге бағытталған болса, біз әрине қолдауға дайынбыз, - деді Дж. Бейкер.

Алайда біз бұл өңірлердің қауіпсіздік кепіліне қатыспаймыз, - деді ол.

Дж. Бейкер «АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең басты көздегені – ИШИМ-ді (ҚР тыйым салынған) құлату» екенін айтып өтті.

Біз ол жерде Ресеймен ынтымақтасуға кеңестік барын ойлаймыз, дәл осы мақсатта, - деді ол.

Италияда бай адамдар алименттен босатылды

Италия кассациялық соты ажырасудан кейінгі алимент есебі мен төлеміне қатысты ережелерге өзгеріс енгізді.

Сот шешімі бойынша, жеткілікті қаражатқа ие және жұмыс істеуге қабілетті ажырасқан жұптар автоматты түрде алимент алмайтын болды.

Енді сот ажырасу үрдісінде ажырасқандардың өмір сүру деңгейіне емес, жағдайына байланысты үкім шығарады.

Мәскеу метросында эльфтердің тілінде ән шырқалады

Мәскеу метросында «Сильмариллион» және «Жүзік иесінің» авторы Джон Толкинді еске алу операсы шырқалады.

Пеговтың айтуынша, «Сильмариллионның» алдын ала көрсетілімі 13 мамыр күні түнде «Деловой центр» станциясында өтеді. Мұнымен қоса музыкалық шығармалар эльф тілінде шырқалады.

Түнгі концертке шақыру билеттері арқылы келуге болады. Ол астаналық метрополитеннің әлеуметтік желісінде ойналады. Сонымен қатар метро сайтында операның ғаламтор-көрсетілімі қамтамасыз етіледі.

Австралияда жұмыссыз адам 50 млн долларға лоторея жеңіп алды

Ер адам жеңісін туысқандары мен қайырымдылық шараларына жұмсамақ.

- Өмір өзгереді! Мен тіпті 50 миллионда неше нөл барын білмеймін. Жанұям мен достарыммен бөлісемін. Олармен жеңісіммен бөліскім келеді. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымындағы адамдарға көмектескім келеді, - дейді австралиялық.

Жеңімпаздың аты-жөні аталмады. Оның 30 жастағы Сидней тұрғыны, жарты жылдан бері жұмысқа орналаса алмай жүргені белгілі.

Следующая →