Израиль мен Палестина футбол алаңында кездесуі мүмкін
Израиль Футбол федерациясының басшысы Офер Эйни Палестина құрамасымен достық жарыс өткізуді ұсынды
Бұл туралы Эйни Бахрейнде өтіп жатқан ФИФА конгрессінде мәлімдеді.
2015 жылдың мамырында өткен ФИФА конгресінде Израил мен Палестина бойынша комитет құрылған болатын. Бұл комитет өңірдегі футболды дамытуға бағытталған шешімдер қарастырумен айналысады.
- Израил мен Палестина құрамалары арасында достық жарыс өткізуді ұсынамын. Барлық өнімдер израильдік және палестиналық футбол мектептерін тұрғызуға жұмсалады. Бірақ біз саяси шекара мәселелерін мұндай уәкілеті жоқ ФИФА арқылы шешуге тырыспауымыз керек, - дейді Эйни.
Өз кезегінде Раджуб Израиль клубтарынан «Палестинадан тартып алынған жерлерден кетсін» деп талап етті.
Палестина мен Израиль сұрақтары ФИФА конгресінің күнтізбесіне бесінші рет қойылып отыр. Нәтижесінде конгресс дауыс беру арқылы шешім қабылдауды 2017 жылдың қазанына дейін шегерді.