Астаналық кариохирургтер ШҚО төрт пациентке ота жасады
Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың мамандары облысымызға келіп 4 пациентке ота жасады және 75-тен астам адамға кеңес берді
Астаналық мамандар облыстағы әріптестерімен тәжірибе алмасып қана қоймай, жүрегі ауыратын адамдарға кеңестерін беріп, облыстық мамандармен бірігіп ота жасады.
- Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге келдік, - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ интервенионды кардиология және радиология бөлімінің басшысы Серік Әлімбаев. - Екі күн бойы шығысқазақстандық пациенттерге кеңес бердік, нәтижесінде Астанаға барып емделуге ниет білдірушілердің саны екі есе азайды. Яғни кеңес алған адамдардың жартысына жуығы өз облысында ота жасатуға келісімін берді. Сонымен қатар ШҚО-да балалар кардиохирургия орталығы жоқ болғандықтан, облыстық Диагностикалық орталықта, Ана және бала орталығында консультация өткіздік.
Сонымен қатар, астаналық мамандар ШҚО мамандарының білікті әрі жүрек оталарына жасауға қажетті заманауи технологиялардың бар екендігін тілге тиек етті.