Франция үкіметі қызметінен кетеді
Франция премьері Бернар Казнев сәрсенбі күні кешке президент Франсуа Олландқа ел үкіметінің қызметтен кететіні туралы хабарлады
Ф. Олланд Б.Казнев пен оның министрлеріне президенттік сайлау жеңімпазы Эмманюэль Макронмен жаңа министрлер кабинеті құрылғанша ағымдағы істерді жалғастыра беруін сұрап, бұл әрекетті қабыл алды.
Хабарланғандай, Франция Конституциялық кеңесінің басшысы Лоран Фабиус ресми түрде Эмманюэль Макронның президенттік сайлауды жеңіп шыққанын жариялаған.
Ол Э. Макронның соңғы дерек бойынша 66,1 пайыз алғанын, екінші айналымдағы қарсыласы Марини Ле Пеннің 33,9 пайыз дауыс жинағанын айтқан.
Эмманюэль Макрон мырса берілген дауыстың жартысынан көбіне ие болды, сондықтан Конституциялық кеңес оны Француз Республикасының таңдаулы президенті деп жариялайды, - деді Л. Фабиус.