3 мамырға арналған таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live ақпараттық порталы БАҚ өкілдерінің назарына ілікккен, 3 мамырға арналған таңғы жаңалықтар легін оқырман назарына ұсынады
Путин мен Трамп G20 саммитінде кездеседі
Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефон арқылы келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Кремль баспасөз-қызметі
Екі елдің жетекшілері Ресей мен АҚШ-тың Сириядағы терроризмен күрес әрекетін координациялау келешегін, сонымен қатар «Корей түбегіндегі жағдайларды талқылады».
Путиннің ұстанымдылық пен шиеленіс деңгейін төмендетуге шақырғаны да айтылады. Президенттер «мәселені кешенді шешу бойынша дипломатиялық түйінге бағытталған, бірлескен жұмысты қалыпқа келтіруге» келісті.
Путин мен Трамп телефонмен байланыста болуға келісіп, Гамбургте 7-8 шілде айында өтетін G20 саммиті аясында жеке кездесу керектігі туралы айтқан.
Сонымен қатар мемлекет басшылары сириялық кризисті шешу нұсқаларын қарау үшін сыртқы саясат мекемелерінің басшылары арасындағы сұхбатты жандандыруға келісті.
Бұл жерде, Ресейдің сыртқы істер министрі мен АҚШ мемлекеттік хатшысы жетекшілерді аталмыш бағытта орын алған үрдіс туралы ақпараттандырып отырады, - деп түсіндірді Кремльде. - Бұл Сириядағы реттелу жұмыстарын шынайы бастайтын алғышарттар тудыруы керек.
КХДР: Американдық бомбалаушылар ядролық соғыс тәуекелін күшейтіп отыр
Екі американдық B-1B Lancer бомбалаушыларының Оңтүстік Кореямен дайындық өткізуі, Корей түбегін ядролық соғыс шегіне жақындатты, дейді КХДР басшылары. Бұл аралықта американдық THAAD ракетаға қарсы қорғаныс жүйесі орнатылып болды. Ол қазірден бастап Солтүстік Корея ракеталарын қағып түсіруге дайын.
Аңдамаған әскери арандатушылық Корей түбегіндегі жағдайларды ядролық соғысқа жақындатады, - дейді Корей Орталық телеграф агенттігінің каналдарымен таратылған хабарландыруда.
Пхеньян хабарландыруында бомбалаушылар ядролық қаруды үлкен нысандарға лақтыру жұмысын жүргізгені айтылады, ал АҚШ президенті Дональд Трамп «өзге американдық құстармен ядролық алдын алу соққысын беруді сұрайды».
Трамп осыған дейін Корей түбегіндегі жағдайлардың әрқилы өрбуіне шек келтірмеген, бірақ ықтималды соққы туралы айтпаған.
Великобританияда парламент таратылды
Уақытынан бұрын өтетін жалпы сайлау алдында Ұлыбританияда парламент таратылды. Ол 3 мамыр күні жергілікті мекен уақыты бойынша 00.01 шамасында орын алды. Бұл туралы корольдіктің жоғары заңнамалық сайты хабарлады.
Мұндай шаралар «палаталағы әрбір жамағат орны бос қалды» дегенді білдіреді, парламенттегі барлық іс бітеді, ал депутаттар «қоғамдық өмірге қатысуын жалғастырады» және депутаттық қызметімен байланысқан «дәрежелерінен айрылады».
АҚШ-та «Сникерс» шығаратын фабрикада өрт шықты
Американдық Техас штатында Mars Inc компаниясына тиесілі кондитер өндірісінде өрт шыққаны тіркелді. Фабрикада бүкіл әлемге танымал «Сникерс» шоколадтары шығарылады, деп хабарлайды NBC арнасы.
Уэйко қаласында орналасқан фабрикадан жүздеген адам шығарылды. Өртсөндірушілер отты сөндіріп үлгерген.
Алдын ала ақпараттар бойынша, дайын өнімдерді тасуға арналған жүк көліктері өртенген. От кем дегенде бес көлікті жалмаған.
Биологтар бұлшықеттерге майды жоғалтуға көмектесетін зат тапты
Американдық ғалымдар тобы физикалық қысымсыз арықтап, артық салмақтан арылуға көмектесетін құрал тапқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды профильді БАҚ өкілдері.
Анықталғандай, әңгіме жиі спротпен айналысқандай мөлшерде, бұлшықет клеткаларына майды ерітуге көмектесетін дәрілер төңірегінде.
Сонымен қатар дәрігерлер сынақтан өткізген жаңа дәрілер тәнді «жетілдіріп», шыдамдылықты 70 пайызға өсіреді.
Жаңа препаратты шығару барысында, дәрігерлер дене шынықтыру барысында бұлшықет клеткаларының PPARD гені іске қосылады деген теорияға сүйенген. Алайда оны тек спорттық дайындықпен емес, рецепторларға дәл солай әсер ететін GW1516 молекуласы арқылы да қосуға болатын көрінеді.