28 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар легі
Устинка Live тілшілері Сіздерге 28 сәуірге арналған ең маңызды ақпараттарды ұсынып отыр
АҚШ БҰҰ-ны Ресейге қысым көрсетуге шақырды
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Никки Хейли Сириядағы гуманитарлы жағдай жөніндегі БҰҰ Кеңесінде Сириядағы мәселелерді шешу үшін Ресейге қысым көрсету қажет деді.
- Кеңесқа қатысып отырғандардың көпшілігі Сириядағы жағдайда реттеу үшін сириялық билікке қысым көрсету керек деп ойлайды. Алайда Сириядағы жағдайда сириялық билікке қолдау танытып отырған Ресейге қысым көрсету арқылы да шешуге болады, - деді Хейли.
Тұрақты өкілдің ойынша, Ресей сириялық көшбасшыны Башар Асадты қолдап отыр. Ал Асад болса Ресейдің қолпаштап отырғанын пайдаланып өз халқына қарсы химиялық қаруды қолдануды тоқтатпайды.
- Қазіргі уақытта барлық назарды Ресейге қарсы қаратуымыз қажет. Өйткені Ресей қаласа, барлығын да тоқтата алады, - деді АҚШ өкілі.
АҚШ-та Трамптың экс-кеңесшісіне қатысты тергеу басталды
АҚШ Қорғаныс Министрлігі Трамптың бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннің шетелдік компаниялардан, соның ішінде Ресейлік биліктен үшкен көлемде пара алғандығы жөнінде ресми тергеу жұмыстарын бастады. Бұл жайында The Washington Post хабарлап отыр.
Айта кету керек, Пентагон отставкадағы генерел-лейтинант Майкл Флиннің тек шетелден алған қаражаты бойынша ғана тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Заң бойынша отставкағы әскери шен иесі шетелдік компаниялардан ешқандай да қаржы алмауы қажет.
ЕО Македониядағы жағдайларға алаңдап отыр
ЕО-тің шетелдік істер жөніндегі жоғары өкілі Федерик Могерини мен Көршілестік және одақты кеңейту жөніндегі келіссөздер саясаты Еурокомиссияның мүшесі Йоханнес Ханды қазіргі уақытта Македонияда болып жатқан парламент мүшелеріне шабуыл жасау әрекеті бойынша айып тағылуда.
- Парламентте күш көрсету заңға қайшы. Сондықтан сабыр сақтау қажет. Ішкі істер министрлігі мен полиция қызметкерлері парламент мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек, - делінген ЕО жоғары қызметтегі өкілдердің біріккен мәлімдемесінде.
- Демократия өз арнасынан шығып кетпеуі қажет. Біз парламент спикері ретінде Талат Хафаридің сайланғанын қалаймыз, - деді Могерини мен Хан.
Айта кету керек, Македония Еуропалық Одаққа енгісі келіп отырған үміткер-мемлекеттердің бірі болып отыр.
Венецияда туристердің санын азайту көзделіп отыр
Венеция билігі ЮНЕСКО тізіміне енген сәулет өнері ескеркіштеріне баратын туристердің санын шектеп отыратын арнайы қондырғы орнатуды көздеп отыр.
Аталмыш бастама Италия билігі мен ЮНЕСКО-ның қабылдауынан өтсе, туристтердің санын есептеп отыратын автоматты есепшот орнатылады. Сол арқылы қала билігіне туристерді бақылап отыруға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар Венеция шаһарының мэрі Луиджи Бруньяро арнайы халықаралық ақпараттық компания құрып дүниежүзі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндігін айтты.
Германияда бурка киюге тыйым салынбақшы
Германия билігі – бундестаг Германияда бурка мен мұсылмандарды дәстүрлі киімі – никабаны киюге біршама шектеу қоюға қатысты заң жобасын мақұлдады.
Құжат бойынша, мұнедай киім үлгілерін мемлекеттік қызметкерлерге киюге тыйым салынған.
- Мигранттардың әлеуметтік интеграциясы біздің де мәдени құндылықтарымызды танытуда қажет етеді. Өз мәдениетімізді заң арқылы жүзеге асырамыз, - деді Гермения ісшкі істер министрі Томас де Мезьера