КХДР АҚШ әскерінің «соңғы сарбазына» дейін құртпақшы
Солтүстік Корея билігі солтүстік америка континентін «радиоактивті күлге» айналдыруға уәде етті. Бұл туралы КХДР «Минджу Чосон» үкіметтік басылымы хабарлады
- Америкалықтар елестете де алмайтын чучхе қаруы АҚШ әскерін, олардың қуыршақтарын бірақ құртады және капитулияцияға қол қоятын адам табылмай қалады, - делінген басылым мақаласында.
Мақалада «агрессорлар» қай жерде жүрсе болмасын, Корей жартылай аралында, Тынық мұхитында, Солтүстік Америкада жүрсе де ядролық соққыдан қаша алмайды деп жазылған. Осыған орай «Минджу Чосон» басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне өздерін дұрыс ұстауға шақырады.
Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея жағдайына қатысты жедел жиналысқа АҚШ Сенатының 100 мүшесін шақырды.
Следующая →