Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

25 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ресей Сирия бойынша АҚШ-пен меморандумын қайта іске қосты
Американдық мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонның өтінішімен Ресей Сирия аспанындағы оқиғалардың алдын алу үшін АҚШ-пен меморандум ісін жаңартты.
Газет ақпаратынша, Тиллесонның Мәскеуге ресми сапары аяқтала салысымен, ертеңгі күні Ресей 13 сәуірдегі меморандумды қайта іске қосты.
Басылым ақпарат көзі хабарлағандай Тиллесон Мәскеуде жүргенде Ресей жетекшілігіне келісім әрекетін қайта іске қосу туралы өтінішін білдіген.
 
Ле Пен сайлау барысында өз партиясынан кетіп қалды
Франция президенттігіне үміткер Марин Ле Пен президент сайлауының екінші айналымына бар күшін салу үшін Ұлттық фронт жетекшілігінен кете тұратынын мәлімдеді.
Бүгін кешке Ұлттық фронт президенттігімен кету туралы шешім қабылдадым, - деді Ле Пен France 2 телеарнасының эфирінде.
Бұл әрекетін ол «партиялық мүдедден жоғары» болу ниетімен түсіндірді.
Республтка президенті барлық француздардың президенті деген пікірмен келдім. Енді сөзден әрекетке көшетін уақыт келді, - деп нақтылады ол.
Ле Пеннің жеңіске жетуді көздейтіні туралы айтылуда. Біз жеңе аламыз. Және біз жеңеміз, - деді президенттікке үміткер.
 
Сауд Арабиясы БҰҰ әйел құқығы бойынша комиссияғы кірді
Сауд Арабиясы БҰҰ аясында әйел құқығын қорғау жолына түседі. Мұндай шешім құқыққорғаушылар арасында үлкен дау шығарды, деп жазады Independent.
Корольдік 2018 жылы комиссияның 45 мүшесіне кіреді. Комиссия мақсаты - «әйелдер мүмкіндігін кеңейтіп, гендерлік теңдік сұрақтарында жаһандық үлгі қалыптастыру және әйелдер құқығын көтермелеу».
БҰҰ жанындағы құқыққорғаушы Хилел Ньюер бұл шешімді «өрт шығарушыға өрт қауіпсіздігі жауапкершілігін арттыру» деген жағдаймен байланыстырды.
Әрбір сауд әйелінің туғанынан өлгеніне дейін өзі үшін шешім қабылдайтын қамқоршы ер аламы болуы керек. Ол жерде тіпті әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынған, - дейді Хилел Ньюер.
 
Химиялық қаруға байланысты сириялық ғалымдар АҚШ санкциясына түсті
 
Вашингтон 271 сириялық ғалымға қарсы санкция енгізді. Олардың барлығына химиялық қару шығарды деген айып тағылды, деп хабарлайды АҚШ қаржы министрлігі.
Американ жағы аталмыш қарумен зерттеушілер 2012 жылдан бері айналысып келеді деген пікірде. Сириялық ғылыми-зерттеу орталығы «Сирия үкіметінің жаппай қырып жоятын қару шығаруға және оны жеткізу құралдарына жауапты агенттік» деп аталды.
Шектеу шараларының «Сирия диктаторы Башар Асад басшылығының режимі жүзеге асырған Сириядағы Хан-Шейхундегі жазықсыз, бейбіт азаматтарға қарсы шабуылға» қарсы жауап екені айтылуда.
БАҚ АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілінің сөзіне сілтеме жасай отырып, Сирияда химиялық қару жасау жалғасын табуда деген Вашингтонның болжамы туралы айтады.
 
Бесландағы терактіден зардап шеккендерді Владикавказда тұрғын үймен қамтамасыз етеді
Солтүстік Осетия билігі 2004 жылы Бесланда орын алған терактіден зардап шеккен 193 адамды тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Оларға біл пәтерлерді алу құқығы мойындалған, алайда лайықты міндеттерді мемлекет осы күнге дейін орындамай келген.
Солтүстік Осетия басшысы Вячеслав Битаровтың Оңтүстік жағалау ауданы муниципалды білім жетекшісі Сослан Фраевпен кездесуі барысында Беслан мектебінде зардап шеккендердің үйлері Владикавказда салынатыны белгілі болған.
Солтүстік Осетия басшысы атап өткендей, «сұрақтың қоғамда әлеуметтік қарбаластық тудырады, сондықтан барлық зардап шеккендердің пәтермен қамтамасыз етілуі бізге өте маңызды» деп ескертіп, 193 адамның қамтамасыз етілетіні туралы айтты.
Следующая →