21 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы Өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Вучич 55,08% дауыс нәтижесімен Сербия президенті атанды
Александр Вучич президент сайлауын жеңіп шықты, оған сайлаушылардың 55,08%-ы дауыс берді. Осылайша Сербияның қызметтегі премьері бесінші серб президенті атанды.
Президент сайлауының соңғы нәтижелері бойынша, билеуші коалицияның үміткері Александр Вучич 55,08 % дауыс жинады, - дейді Республикалық сайлау комиссиясы.
Президенттің жарыста екінші болып 16,36 пайыз дауыспен Янкович тұр. Үшінші орында 9,43 пайыз дауыспен саясаткер пародист Максимович тұр.
АҚШ ұшақтары КХДР-дың ықтималды ядролық сынақт арын бақылауда
АҚШ Солтүстік Кореядағы ықтималды ядролық сынаққа дайын отыр. Американдық барлаушы-ұшақтар ядролық жарылыстың дәлелін тіркей алады, бұл туралы NBC АҚШ әкімшілігіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
АҚШ ұшақтары КХДР ядролық сынақтарын бақылауда
WC 135 әскери әуе кемесі Азияның солтүстік шығысында орналасқан. ӘӘК өкілдерінің айтуынша бұл «алдын ала жоспарланған» қарапайым миссия аясында жүзеге асып отыр. Біз олардың еш ескертусіз кез-келген уақытта ядролық сынақ өткізуі мүмкін екенін күтудеміз, - дейді АҚШ барлау ұйымындағы ақпарат көзі.
Трамп Си Цзиньпинді КХДР еліне ықпал етуге көндірген
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай жетекшісі Си Цзиньпинмен ұтымды сауда ымырасына келісе отырып, Солтүстік Корея мәселесіне белсенді араласуға көндіргенін айтты.
Мен оған (Си Цзиньпин): «Солтүстік Корея қауіпіне бірдеңе істесеңдер немесе бұл қауіптен мүлдем арылатын болсаңдар әлдеқайда жақсы сауда ымырасына келе алатынымыз» туралы айттым», - деді Трамп Италья премьер-министрң Паоло Джентилионимен өткен баспасөз-конференциясы барысында.
Дамаскідегі лаңкестер танкілерінен айрылды
Сириялық Дамаск провинциясында террористер айналасында құрылған «Джебхат Фатх аш-Шам» (Қазақстанда тыйым салынған) жауынгерлер мен олардың одақтастарына қарсы операция жалғасын табуда, деп хабарлайды Сириядағы ақпарат агенттігінің арнайы тілшісі Тарек Халаби.
Анықталғандай, сириялық солтүстік-батыс провинциясындағы үкіметтік армия террористердің әскери техникаларын, нақтырақ айтқанда, лаңкестер бірнеше танкілерінен айрылған.
Сонымен қатар, Дамаскінің солтүстік шығысындағы Аль-Кабун махалласының шығыс өңірінде осыған дейін бақылау орнатып үлгерген әскерилер мүддесінің өсуі үшін күресіп жатқан жауынгерлер мен үкімет әскерінің арасында үлкен қантөгіс орын алғаны белгілі болды.
Каирдің орталығында Александр Пушкин ескерткіші ашылды
Каирде ұлы ақын Александр Пушкинге үшінші ескерткіш ашылды, бірақ бұл қоғамдық орында ашылған бірінші мүсін болды.
Ескерткіш «Эль-Хуррия» саябағында ашылды. Египет мәдениет министрінің орынбасары Иман Неги хабарлағандай, «әлемдік поэзия эмирі» монументі мен елдегі оның есімінің жаңғыруына бұдан жақсы орын жоқ.
Ескерткіштің ашылуына Ресей жоғарғы оқу орындарының түлектері Ассоциациясы мен Ресей мәдениет және ғылым орталығы бастамашы болды.