Париж орталығындағы теракт: полицей қаза тапты
Полицияның хабарлауынша, атысты экстремистер базасында тіркелген, бұрынғы қылмысын қайталап отырған 39 жасар ер адам
Париж орталығында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған азамат Франция астанасының шығыс түбегінде мекен еткен.
«Исламе мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымы Париж орталығындағы атысты өз жауапкершілігіне алды, деп хабарлайды AFP, экстремистермен байланысқан сайтқа сілтеме жасай отырып.
Париж прокуроры Франсуа Моленс, қылмыскердің кім екенін полиция анықтағанын айтқан, бірақ оның есімін атаудан бас тартты. Ол полицияға қарулы шабуыл жасаған адамды лаңкестер қатарында атады.
Бүгін кешкі 20,50 шамасында қаруланған адам полицияға оқ атып, біреуін мерт қылып, қалған екеуін жаралаған. Сонымен қатар өткінші адамды да жарақаттаған. Жауапты атыспен лаңкестің көзі жойылды, - деді Моленс.
Шабуылға екі қылмыскер қатысты, олардың бірі ізін суытып үлгерді, деп хабарлайды Le Figaro ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Куәгерлердің айтуынша, қылмыскерлер Калашников автоматынан оқ жаудырған.
Следующая →