Шевкат Мирзиеев өзбек шенеуніктерін тәуіл бойы жұмыс жасауға мәжбүр етті
Өзбектан президенті Шавкад шенеуніктер арасында үлкен өзгерістер алатындығын, керек болса 24 сағат жұмыс жасауға мәжбүр ететіндігін мәлім етті
Әлеуметтік желіде Өзбекстан президентінің жоғары биліктегі шенеуніктерді сынап жатқан аудижазбасы жарияланып кеткен. Мұнда елде «төтенше жағдайдың» орын алғандығы жайында айтылады.
Сіздердің ойынша, «Халықпен диалог жасау» жылын біз не үшін жарияладық?! Бәрі де бұрынғыдай болад деп ойладыңдар ма? Жоқ, олай болмайды. Не жұмыс жасайсыңдар, не орындарыңды босатасыңдар. Билікті балшыққа, коррупцияға батырып біттіңдер! Әзірше, жас кадрларымыз дайын емес, бұл сіздердің пайдаларыңызға шешіліп тұр. Алайда бұл – еліміздің қасіреті. Алдағы екі жылда жаңа жас кадрларды дайындауымыз қажет. Ендігі кезекте билікке солар келетін болады, - деді президент. Шенеуніктер жаңа буынның келуіне дейін 24 сағат жұмыс жасайтын болады, үйіне қайтуға дәті шыдап көрсін, дегенді ыммен жеткізген екен президент.
Сонымен қоса, президент шенеуніктердің жұмыстарын қадағалайтын әлдебір «арнайы бөлімшенің» құралатындығы туралы да айтқан. Ал 2016 жылдың желтоқсан айында билік мемлекет дамытудың 2017-2021 ж.ж. стратегиясын жасайтындығын мәлімдеген болатын.
Следующая →