Өскемен
Қалың бұлтты
-22°
  • Өскемен
    -22°
  • Семей
    -19°
  • Алматы
    -4°
  • Риддер
    -14°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Ақтау
    +4°
  • Атырау
    +1°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -11°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -22°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
  • Түркістан
    +13°
  • Орал
    -12°
  • Шымкент
    +18°
$
496.85
-0.48
585.54
-1.16
¥
72.23
+0.24
6.49
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде ер адам "Пивнофф" дүкеніне шабуыл жасады

Пышақ ұстаған ұры 12 секунд ішінде сыра дүкенінің кассасынан барлық ақшаны жымқырып үлгерген

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Семее мужчина совершил дерзкое разбойное нападение на магазин "Пивнофф"
Фото:
Twitter
Асқан бетпақтықпен жасалған әрекет Семей қаласындағы "Пивнофф" дүкенінде 16 сәуір күні таңғы сағат үш жарымдар шамасында орын алған. 

Қылмыскер дүкенге емін-еркін кіріп, сатушы сөресінен секіріп түсіп, санаулы секундтар ішінде кассаны тып-типыл етіп үлгерген. Бұл уақытта сатушы өз жұмыс орнында болмаған.

Алайда дүкендегі бейнебақылау камераларына ұрының барлық әрекеттері жазылып қалған. Ұры бетіне бетперде киіп алғандықтан, оны анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, ұрының қолында пышақ болғаны да байқалады.  Тіпті, әккі ұрылардай қолына қолғап киіп алғандықтан, дактилоскопиялық сынамадан да пайда болмасы анық. 

ШҚО ІІД хабарлағандай, бұл оқиғаның тергеу жұмыстарына арнайы шұғыл топ құрылған. 

- Қазіргі таңда біз шұғыл-іздеу жұмыстарын жүргізіп, ұрыны анықтамақпыз, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 



Следующая →