Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

14 сәуірдегі таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар сайты саясат, экономика, өзге де салалардағы басты таңғы жаңалықтарды сұрыптап ұсынып отыр

Trump Tower орталығында наразылық білдіруші 25 адам ұсталды

Нью-Йорк полицейлері АҚШ президенті Д.Трамптың миграцияға қарсы жүргізіп отырған саясатын сынап, наразылық білдірген 25 азамат ұсталды.

Наразылық білдірушілер ғимарат лифтісінің жанына тұрып алып «Ешқандай тыйым салу болмасын, ешқандай да қабырға орнатылмасын» деп ұран тастаған. Наразылық білдірушілер өзге азаматтардың жүріп-тұруына кедергі келтіргендіктен ұсталып әкетілген.

Ал бұл уақытта Trump Tower ғимаратында АҚШ президентінің әйелі Мелания Трамп пен ұлы Бэррон болған. Аталмыш ғимарат орны Трамп сайлау компаниясының штаб-пәтері болған болатын.

Боруссия автобусын жарған күдікті Германияда құрықталды

Германия соты Дортмунд қаласында Боруссия ФК-ның автобусын жарған Ирак елінің азаматын ұстауға үкім шығарды.

Бұл жайында Германия федеральды прокуратурасында хабарланды: «Неміс удьясы Боруссия автобусы жарылғаннан кейін ұсталған Ирак елінің азаматын тұтқынға алуға шешім шығарды».

Айта кетейік, Боруссия ФК-ның автобусы жарылып, 1 футболшы мен полиция қызметкері жарақат алған.

United Airlines авиакомпаниясы ұшағында бір жолаушыны шаян шағып алды

United Airlines автиакомпаниясының ұшағымен Мексикадан қайтып бара жатқан жолаушы өз орындығына отырған уақытында шаян шағып алған. Улы жәндік жоғарыдағы жүк сауытынан жолаушының басына сау ете түскен. Шошыған жолаушы басын бірден уқалап, қағуға кіріскен. Сол уақытта шаян да шағып үлгерген.

Авиакомпания басшылары жолаушыдан кешірім сұрап, өтемақыны төлеуге келісім беріп отыр.

Лондонда Диана ханшайымның құрметіне Ақ саябақ орнатылды

12 мың гүлден тұратын ескерткіш композициясы Кенсингтон сарайының қабырғасына орналастырылған.

Сарай қызметкері Шон Харкиннің айтуынша, гүл экспозициясы бір жыл бойы дайындалған екен. Экспозиция Диананың 20 жылдығына арналған болатын.

Алдағы уақытта «ескерткішінің» гүлдері – қызғалдақ, нарцисс, гиацинттің орнына раушан, лилия, гладиолуса, космей, гаура и немезия тәрізді гүл шоқтары орналастырылмақ.
Следующая →