Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

12 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ-тың экс-елшісі Солтүстік Кореяға әуесоққысын беру ықтималдығына шек келтірмеді

АҚШ қажет болған жағлайла Солтүстік Кореяға әуе соққысын беруге дайын, алайда қысым үрдісіне Пхеньян мен Қытайды қосқысы келеді. Мұндай пікірді Украинадағы АҚШ экс-елшісі, Брукингс Институтының қаруландыруды бақылау бағытының директоры Стивен Пайфер айтты.

Оның айтуынша, Трамп әкімшілігі Солтүстік Кореяға қысымды Қытай көрсетсе деген үмітте. Қытай бұл қадамға деген сұрақ туындайды. Жағдайды тек қысыммен өзгерте аламыз дегенге сенімді емеспін.
Қайтадан әңгімеге келу керек пе деген сұрақ тағы бар. Мүмкін Солтүстік Кореямен барлық ракеталар мен ядролық сынақтарды тоқтату керектігі туралы айту керек шығар. Егер бұл жөнінде келіссөзді бастасақ, мүмкін, Қытай қысым көрсетуге дайын болады. Қалай болғанда да, бұл күрделі сұрақ болады, - дейді Пайфер.
Ол сонымен қатар Солтүстік Кореяға әуесоққыларын жүргізу туралы болжамдарымен бөлісті.

Бұған да шек келтіре алмаймын. Бірақ әуесоққысын жүргізбей тұрып, жағдайдың қалай үдейтінін, Солтүстік Кореяның әрекетін бақылайтын болады. Жауап өте жедел болмақ, - деді Пайфер.

Филиппинде 5,8 магнитудалы жер сілкінісі болды

Филиппиндік Минадано арасында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты қозғалыс күші 5,8 баллға бағаланды деп хабарлайды, АҚШ Геологиялық қызметі.

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21:21 шамасында болған. Жер асты қозғалысы Осиас жерглікті мекенінің солтүстігінен 7,9 километрден сезілген. Жер сілкінісі ошағы 8,3 километр тереңдікте орналасқан.

Қираған, зардап шеккендер туралы дерек жоқ.

Индияда кобрамен болған фотосессиядан кейін турист қаза тапты

Қайғылы оқиға Джодхпур қаласында орын алған. Турист иесі қолында ұстап тұрған кобра жыланымен суретке түскен. Жылан күтпеген жерден бетінен шағып алған. Ол ең басында не болғанын ұқпай қалған. Бір сағаттан кейін удан қайтыс болды, деп хабарлайды Daily Mail.

Аурухананың орнына үндістер оны жергілікті дәрігерге алып барған.
Туристті қарап шыққан, бірақ тым кеш. Оны құтқару мүмкін болмады.


Microsoft Windows Vista-ны қолдауын тоқтатты

11 сәуір күні Microsoft өз қолданушыларына он жылдық қолданыстан кейін Windows Vista операциялық жүйесіне қолдауды тоқтататынын хабарлады. Мұның себебі, жүйенің толық ескіргендігі.
Енді пайдаланушылар заманауи операциялық жүенің кез келгенін таңдай алады.


Жаңа «Мерседестің» кілтін жоғалтып алған қыз, оны 20 жылға қалдырып кеткен

Британдық Coys аукцион үйі сатылымға бар жүрген жолы 80 миль болатын R129 кузовындағы Mercedes-Benz SL 500 родстерін шығарды. CarThrottle-ге сілтеме жасай отырып «Мотор» хабарлағандай, бірінші иесі кілтін жоғалтып алғандықтан 1996 жылғы автокөлік 20 жыл тұрған.

«Мерседестің» ерекше оқиғасын аукцион фирмасының басшысы Крис Рутледж баяндаған. Оның айтуынша, родстер бай қызға сыйлыққа берілген, біраз уақыттан кейін ол кілтін жоғалтып алып, үйінің жанына 20 жылға қалдырып кеткен.

Рутледж, көлік осы күнге қолданылып келсе, оның құны бес-жеті мың фунт стерлингтен аспаушы еді деген пікірде. Алайда автокөліктің жақсы сақьалғаны сонша, тіпті болжамды бағасы 45-55 мың фунт стерлингке жетіп отыр.

Өз кілті әлі табылмаған, алайды көлік жаңа жиынтықпен сатылады.
Следующая →