Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

29 наурызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

«Дебби» циклоны Автралиядағы 63 мың үйді жарықсыз қалдырды

Австралияның солтүстік-шығысында 63 мың үй «Дебби» циклонына байланысты жарықсыз қалды. Квинсленд штатының өкімет басшысы Анастарсия Палащуктың айтуынша, билік қазір зардап шеккен аудандар туралы хабарсыз көрінеді.

- Боуэн, Эрли-Бич және Просерпайнға баратын барлық жолдарға шектеу қойылды. Қазіргі таңда зардап шеккен адам туралы хабарлар аз, бірақ көпшіліктің байланыссыз қалғаны бізге аян, - деді.

Уитсанди округінің мэрі Эндрю Уилкокс хабарлағандай, циклон эпицентрі жанынан өткен Боуэн қалашығы «әскери әрекет ортасына» айналған күйде екен.

Меторологтар циклонның қатты нөсермен келгенін хабарлауда. Оңтүстік-батыс өңіріндегі Маккай қаласының маңына 940 мм жауын жауып үлгерген.

Париждегі шерушілер жас шығаратын газбен қуылды

Париждегі қарсылыққа шыққан азиаттарды полиция жас шығаратын газбен қуалады. Полиция мұндай әрекетке шерушілер петардалар мен шыны бөтелкелер лақтыра бастаған соң барды.

Париждегі қарсылық полициямен өлтірілген қытайлықтан кейін екінші түн жалғасуда.

Париждің ХІХ өңірінде орналасқан полиция учаскесінің алаңына қарсыласушылар кешке жинала бастады. Жас шығаратын бетпердені алдын ала киіп келген қарсыласушылар «Полициялар - өлтірушілер» деген айқаймен әділеттілікті талап етті.

Фийонның жарына ресми айып тағылды

Франция президенттігіне үміткер Франсуа Фийонның әйеліне сот ресми айып тақты. Rueters агенттігі соттағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Пенелопа Фийонға мемлекеттік қаржыны ұрлауға қатысып, жасырған деген және қоғамдық мүлікті өз еншісіне пайдаланған, қиын жағдайларда алаяқтыққа барған деген айып тағылды,

Перуде өрт шыққан ұшақта 26 адам зардап шекті

Өртенген ұшақты қондыру барысында 26 адам зардап шеккен. Жарақат алғандардың ішінде бір бала болса, енді бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға перулық Хауха қаласындағы әуежайда болған. Peruvian airlines әуекомпаниясының жолаушылық «Бойнг-737» ұшағы Ламадан шыққан.

Жергілікті полиция өкілі Хорхе Куэву хабарлағандай, ұшқыштың төтенше қонуына тас жолдағы мәселелер итерді.

Алдын ала болжам бойынша, шассидің техникалық ауытқуына байланысты ұшу-қону жолағына қона бергенде өрт шыққан.

АҚШ-та толқын кезінде селфи жасаған қыз қайтыс болды

АҚШ-та 14 жасар Орегон штатының тұрғыны теңізде селфи жасаймын деп қаза тапты. Қыз бала құрбыларымен суретке түсіп тұрғанда, алып толқын соққы берген.

Оқиға Бандон қаласының жағажайында орын алған. Қатты толқын салдарынан қыздар суға құлаған. Екі қыз аман қалды, ал үшінші қыз бөренеге қысылып, су астында қалып қойған.

Дәрігерлер қыз тірі болған кезде жеткен, алайда ауруханада жан тапсырған.

Қыздың әкесінің айтуынша, қыздар көктемгі демалыста болған және мұндай ашық күннің қайғы әкелетінін ешкім ойламаған.

Американдықтар Меланья Трамптың Вашингтонға көшуін сұрайды

Американдықтар АҚШ-тың бірінші ханымының Вашингтондағы Ақ үйге көшуін сұрайды, себебі, Нбю-Йорктегі Trump Tower зәуліміндегі оның сұраныстары салық төлеушілерге қымбатқа түсіп отыр.

«Меланья Трампты Ақ үйде қалтыруға тырысу не болмаса шығынды өз мойнына алсын» деген петицияға 120 мың адам қол қойып үлгерген.

- Американдық салық төлеуші Нью-Йоркте орналасқан Trump Tower-дегі бірінші ханымның күзетіне қыруар ақша төлейді. Ұлттық парызды қысқартуға келгенде, бұл шығындар мемлекетке оң нәтиже бермейді және ол қаржыландырудан қиылуы керек, - деп жазылған петиция мәтінінде.

Следующая →