Маккейн WikiLeaks-тің Ресеймен байланысы туралы баяндады
АҚШ сенатының қарулы күштер бойынша комитеті басшысы Джон Маккейн тағы да WikiLeaks-тің Ресеймен байланысы «аян» деді. Алайда өз сеніміне деген ешқандай дәлел келтірмеді
- Мен мұны нақтылай алмаймын, бірақ WikiLeaks-тің Ресеймен байланысқаны аян, - деді американдық сенатор.
Сонымен қатар, саясаткер хакерлердің «жасырын маңызды дүниелерге» қолдары жететініне алаңдаушылық білдірді. Мұнымен қоса АҚШ билігіне киберқауіпсіздікті күшейтумен жұмысты жалғастыру керек екенін алға тартты, себебі оның пікірінше «егер хакерлер ОББ-жүйесін бұза алған болса, олар кез-келген дүниеге еніп кете алады».
Естеріңізге саламыз, бұған дейін WikiLeaks ОББ штаб пәтерінде орныққан американдық киберқауіпсіздік бойынша Орталықтың ішкі желісінде жасырылған құпия файлдар мен құжаттарды жариялаған болатын. Бұл ақпараттарда, Орталық барлау басқармасының ұялы телефон арқылы адамдарды аңдитын зиянды бағдарламар дайындағаны жазылған.