Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қазақстан жаңа дәуір қарсаңында

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жариялады

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты тақырыппен жарияланған жолдауын: «Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын»,- деп бастаған Елбасымыз Жолдауында Қазақстанды Үшінші жаңғырту жолына қойып отырғанын айтып, экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды тапсырды және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерлеуге лайықталған Үшінші жаңғыртудың бес негізгі басымдылығына тоқталды.
Қазақстандықтар үшін маңызды болып табылатын бұл құжат ел экономикасының және жалпы қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау беретін құжат деп санаймын.  
Жолдаудың алғашқы бағыты экономика салаларының жаппай сандық модельге көшуін көздейді.  Сондықтан үкіметке «Цифрлық Қазақстан» деген атаумен жаңа бағдарлама әзірлеу және IT саланы дамыту міндеттеліп отыр. 
Сондай-ақ, Елбасы жолдауында өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалардағы еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айқындалған.  Бұл салалар ұлттық экономикаға қосымша мультипликативті күш беріп, азаматтарды жұмыспен қамтуға септігін тигізеді.
«Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз», - деп Елбасымыз өзі атап өткендей,  биылғы жолдау- еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталған стратегиялық жоспар деп білемін.

Өскемен қалалық әділет б
асқармасының бас маманы 
Салтанат Қуанышбекқызы Оралбаева

Следующая →