Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Медициналық орталықтың құрылысы қашан аяқталады?

Семей қаласындағы облыстық онкология диспансерінің радиологиялық орталығының құрылысы әлі жалғасып келеді

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Артур Платонов пен Владимир Олейников еліміздің примьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтан құрылысы созылып жатқан Ядролық медицина орталығына назар аударуды сұрады.

- Шығыс Қазақстан облысы еліміз бойынша обыр ауруы бойынша көш бастап, республикалық көрсеткіштен 1,5 есе асып отыр. Ал оны анықтау және емдеумен айналысатын орталықтың құрылысына мемлекет қазынасынан 6 млн теңге бөлінген Ядролық медицина орталығы әлі қолданысқа берліген жоқ, - дейді депутаттар.

Ал шығысқазақстандық құрылысшылар болса, нысанның құрылысы сот ісінің созылуына байланысты тоқтап қалғанын алға тартуда.

- Семей қаласындағы облыстық онкология диспансеріне қарасты радиологиялық орталықтың құрылысы үш кезеңмен жүзеге асырылды. І және ІІ кезең бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы 2012 және 2015 жылдары сәйкесінше қолданысқа алды. Ал іске қосу және жөндеу, яғни, ІІІ кезеңі болса аяқсыз қалып отыр, - деді ШҚО Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Инна Валл.

Құрылыстың тоқтап қалуына сұйық радиоактивті қалдықтардың жүйесі туралы келіспеушілік себеп болып отыр. Оны үш жыл бұрын салып қойды. Алайда мамандар жүйені зерттеу барысында жобамен сәйкес келмейтін жерлерді анықтап отырды. Сондай-ақ, сарапшылар жүйе радиациялық қауіпсіздікке де жауап бермейді деген пікірде.

- «ИртышГЭСстрой» ЖШС бас мердігер компания радиоактивті қалдықтардың жүйесін қалыпқа келтіру үшін «Медтехника» АҚ қосалқы мердігер компаниясына арызданды. Алайда 2017 жылдың 9 қаңтарында өткен азаматтық істер жөніндегі сот алқасы олардың арыздарын қанағаттандырған жоқ, - деді Инна Валл.

Құрылысшылар нысанның қай уақытта қолданысқа берілетіні сот істі қарағаннан кейін белгілі болады деген пікірде. 

Следующая →