АҚШ арнайы қызмет басшылары Трамп әкімшілігіне қосылады
АҚШ ұлттық барлау директоры және Орталық барлау басқармасының басшысы ел президенті Дональд Трамптың кабинетінің мүшесі болады
Сенат Майк Помпеоның ЦРУ директорлығына кандидатурасын бекітіп қойды, алайда бұрынғы сенатор Дэн Коутстың Ұлттық барлау басшылығына сайлау әлі алда.
Жуықта Ақ үйдің өкілі Шон Спайсер елдің қарулы күштері штабтары басшыларының комитетінің төрағасы Джозеф Данфордтың әлеуетін Дональд Трамп төмендетіп жіберді деген БАҚ ақпаратын «нонсенс» деп атады.