Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жол ақысы әзірге қымбаттамайды

Қоғамдық көліктерде 13 ақпаннан бастап автобустар мен шағын автобустардың жол ақысы 90 теңге болады деген ақпараты жалған

8 ақпан күні қаламыздағы қоғамдық көліктерде «2017 жылдың 13 ақпанынан бастап автобустар, шағын автобустардағы тасымал – 90 теңге болады» деген хабарландырулар ілініп, кондукторлар жұртшылықты алдын ала ақпараттандырып жатыр. Дегенмен Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бұл ақпаратты теріске шығарды.

- Бұл тасымалдаушылардың өздері шығарып отырған ақпарат. Жол ақысын қымбаттату туралы тіркеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Тіркеу аяқталған соң біз БАҚ өкілдеріне жол ақысының қай уақыттан бастап қымбаттайтынын алдын ала ескертеміз, - деді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Анар Төлеуханқызы.

Қазіргі уақытта Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары тасымалдаушыларға хабарласып, автобустардағы жалған ақпаратты алып тастауларын сұрауда.

Естеріңізге саламыз, жол ақысы баспасөз беттерінде «жол ақысының өсуі туралы» қаулы жарияланғаннан кейінгі 10 күнде өзінің заңды күшіне енеді.

Ақерке Ақылбекқызы 

Следующая →