Түркияда 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды
Түркияда шілдедегі мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деген күдікпен 4,4 мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан шығару туралы қаулы шықты
Жұмыстан шығарылғандардың ішінде – мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, кітапханашылар, полиция және сот хатшылары бар.
Түркиядағы сәтсіз төңкерістен кейін мемлекеттік қызметтен жалпы 125 адам шығарылған, тағы 40 мың адам қамауға алынды. Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс 16 шілде күні өтіп, көтеріліске шыққандардың ойы жүзеге аспай қалды.
Анкарада сәтсіз дүмпудің артында мұсылман уағызшысы Фетхуллах Гюлен отыр деген күдік бар.