Лавров: Ресей Арктикадағы өзге елдермен ынтымаққа келуге дайын
РФ СІМ басшысы Сергей Лавров өз елінің Арктикадағы қатынастарды саясатсыздандыруға дайын екенін жеткізді
Ресей бірлескен әрекеттерден ортақ пайда алатын кең ынтымақтастыққа дайын екенін Лавров атап өтті. Соның ішінде ынтымақтастық Ресей Федерациясының Арктикалық зонасына көзделген жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Оның ішіне транспорт, энергетика, туризм және қоршаған ортаны қорғау салалары кіреді.
Мекеме жетекшісі мұндай бірлескен жұмыстың өңірдегі қалыптылықты сақтап, бейбітшілікті күшейтеді деген пікірде. Сонымен қатар, ол серіктестіктің бейбіт тәртіптерін бекітеді. БАҚ осыған дейін хабарлағандай, РФ Қорғаныс министрлігі Арктикада жүзден астам инфрақұрылым нысандарын салуды көздеп отыр. Үрдісті ағымдағы жылдың соңына дейін бітіру көзделген.