Универсиадада жапон хоккейшілері жаттықтырушылар мен жанкүйерлерге бас иді
Жапонияның хоккейші қыздары Универсиада-2014 көрермендеріне тек ойын сапасымен есте қалмайтын болды
Мұздағы еңбекқорлық, әдепті ойын, финалды дабылға дейін жан сала ойнау – мұның барлығы жапон хоккейші қыздарына тиесілі. Бірақ мұнымен қоса оларды ерекше деп айтуға болатын тағы бір жайт бар. Ол әрбір жарыс соңында Күншығыс елінің қыздары көрсеткен жаттықтырушыларына және көрермендерге деген құрмет.
Ойыннан кейін олап бір шепке тұрып жаттықтырушылары отырған орындықтарға қарап бас исе, кейін осы дәріпті барша көрермендерге көрсеткен.
Жапония құрамасының шабуылшысы Ота Юкина бұл дәстүрді келесі сөздермен түсіндірді: - Бұл құрмет. Тек жаттықтырушыларға ғана емес, көрермендерге деген де құрмет.
Айта кету керек, жапон хоккейшілері көңіл күйлері мен тақташадағы есепке қарамастан өз дәстүрлерінен айнымақ емес. Олар тақташадағы есеп өздерін төмендетсе де дәстүрді ұстанады.
Жанкүйерлер атынан сіздерге «Аригато» (рахмет) – деді Алматыдағы Универсидада көрсеткен өнерлерінен соң.