Wikileaks Ақ үйде жоғалған құжаттар үшін 20 мың АҚШ долларын беруге дайын
Wikileaks АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігіндегі қызметкерлерді ұстауға алып келетін ақпараттар үшін 20 мың доллар беретінін жариялады
Ұймы қызметкерлерінің ақпаратынша, олар АҚШ Ұлттық мемлекеттік мұрағатындағы жазбаларды жоюға қатысты болуы мүмкін. Хабарландыру ұйымның Твиттердегі парақшасында жарияланды.
«Маңызды ақпараттарды жойған Обама әкімшілігіндегі кез келген агенттң анықтауға және ұстауға алып келетін ақпарат үшін 20 мың доллар марапат ұсынамыз», - деп жазылған хаттамада.
2016 жылдың қарашасында Wikileaks Твиттер арқылы АҚЩ Есептік құжаттар мен ұлттық мұрағат басқармасынын АҚШ президенті Билл Клинтон әкімшілігі қызметкерлерінің электронды жазбасы туралы ақпарат сақталған қатқыл диск жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Скриншот арқылы жарияланған жазбаша әңгімелесуде, 2009 жылы Ұлттық мұрағат қызметкерлері президент Билл Клинтон әкімшілігі қызметкерлерінің бірқатар жазбалары мен есептерін қосқанда, 2 терабайтты ақпараты бар диск жоғалып кеткенін байқаған. Хаттан Билл Клинтон әкімшілігі қызметкерлерінің көптегенперсоналды ақпараттары барын түсінуге болады, тек үшеуі ғана жасырылған.