Шахан кентінде құлаған үйден зардап шеккен екі адам әлі ауруханада
Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы шахан кентінде көпқабатты үйдің құлауы салдарынан ауруханаға түскен ер адам мен 11 жасар қыз әлі ем алуда
Дүйсенбі күні түнде белгілі болғандай Шахан кентіндегі бес қабатты үйдің подъезді құлап, 9 адам қаза тауып, алтауы құтқарылып, екі адам ауруханаға түскен. Үйде барлығы 118 адам тұрған. Ал құлаған подъезде 25 адам тұрды.
- ер адамды оқиға орын алғаннан кейінгі 10 сағаттан соң шығарды. Ол ер адамды кинологиялық әдіспен іздестірді. Ер адам 600 тонналық үйіндінің астында ақлған.бірақ 4 құтқарушының арқасында, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болды. Қазіргі уақытта зардап шеккедер ауруханада. Ешкімнің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген ҚР ІІМ ТЖД бойынша комитетінің ресми сайтында.
Соңғы ақпараттар бойынша төтенше жағдай үйдің жертөлесінде орналасқан жылыту қазандықтарының жарылысынан орын алды.