Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

14 желтоқсандағы әлемдік жаңалықтардың бет бейнесі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ көз айнасына түскен саясат, экономика, және басқа да салалардағы ең елеулі оқиғалар тізімін дайындады

Трамптың саяси сұрақтар бойынша аға кеңесшісі болып Стивен Миллер тағайындалды

Дональд Трамп саяси сұрақтар бойынша бас кеңесшісі етіп Стивен Миллерді тағайындады. Миллер дәл осындай орынды республикандықтың сайлау алды штабында атқарған болатын.

Жаңа әкімшілікте Стивен Миллер бір уақытта президент көмекшісі қызметін де атқарады.

- Ол «ең алдымен Америка» идеясын ұстанады және бұл ойды жүзеге асыру үшін қандай саясат пен қандай әрекет қажет екенін түсінеді. Американ жұмысшыларын қорғауды өте белсенді және менің әкімшілігімде саяси сұрақтар бойынша аға кеңесші ретінде маңызды рөл атқаратын болалы, - деді Трамп.

Иванка Трамппен бір шыны кофе ішуге ондаған адам таласуда

Лот ережесі бойынша, Трамптың қызымен тек қана әңгімелеспей, онымен суретке түсе алады. Кездесу ұзақтығы 30-45 минутты құрайды.

Аукцион 20 желтоқсанда аяқталады. Қазіргі уақытта бұл кездесуге 24 мың доллар салуға дайын адам бірінші орында тұр.

Барлық жиналған қаражат Трамптың ұлы Эриктің қайырымдылық қорына табыс етіледі. Ұйым қатерлі ісік пен басқа да ауыр ауруларға шалдыққан балаларға көмектеседі.

Каирдегі терактқа ИШИМ жауапкершілік алды

Қазақстан шекарасында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Каир шіркеулерінің бірінде болған жарылысқа жауапкершілік алды, деп хабарлайды «Аль-Ватан» ақпараттық порталы.

11 желтоқсанда, Каирдің коптск шіркеуінде таңғы құлшылық ету кезінде теракт орын алған. Соңғы ақпараттар бойынша, бомбаның жарылысынан 23 адам қаза тапқан. Тағы 50 адам жарақат алса, олардың 10-ы ауыр халде.

Сирия үкіметті Алеппоның шығысына қайтадан бақылау орнатты

Сирия үкіметі Алеппоның шығысындағы бақылауды қалпына келтірді. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин хабарлады.

- Сирия үкіметі Алеппоның шығысындағы бақылауды қалпына келтірді, енді тәжірибелік гуманитарлы әпекет кезеңі басталады, - деді Чуркин.

Оның айтуынша, лаңкестер жанұяларымен қаладан таңға дейін кетеді. Олардың шығулары үшін қалада бірнеше дәліздер бар, соның ішінде Идлиба бағытына да. Әзірге сирия әскерінің қарамағында Алеппоның 98%-ы бар.

Дауасыз ауруға шалдыққан бала Санта-Клаустың қолында көз жұмды

60 жасар Эрик Шмитт-Матцен Рождество мерекесінің қарсаңында, жергілікті супермаркетте Санта рөлін ойнайды. Жұмыс күндерінің бірінде ауруханадан медбике хабарласып, бес жасар баланың арманын орындауды сұраған. Дауасыз ауруға шалдыққан бала өлімнен бұрын Рождество мерекесін өткізіп алудан қорыққан және Сантаны көргісі келген.

Бірнеше минуттан кейін ер жігіт ауруханаға келіп, кішкентай науқастың жанұясынан баламен бірге қалдыруды өтінген. Ол баладан Рождествоны өткізіп аласың ба деп сұраған. Бала оған дейін өлетінін, мерекені қарсы ала алмайтынын айтқан. Эрик Шмитт-Матцен баланың анасы жіберген сыйлықты беріп, өліп бара жатқан балаға «қайда барсаң да, міндетті түрде Сантаның №1-ші эльфі боласың» деген.

Осыдан кейін Санта қуанған баланы құшақтаған, бала сол сәтте көз жұмған.

Эрик Шмитт-Матцен жай түскендей әсерде қалған, ол Сантаның бейнесін мәңгілікке тастағысы келген. Өзінің келуімен балаларға сылайтын күлкіден асқан маңызды ештеңе жоқ екенін түсіндірген.

 

Следующая →