Өскемен
Бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -3°
  • Алматы
  • Риддер
    -4°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    -2°
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -20°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
    -1°
  • Шымкент
    +1°
$
493.36
-6.47
572.84
-8.66
¥
71.59
-0.88
6.29
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Назарбаев Трамппен Қазақстан мен Американың қарым-қатынасын және халықаралық мәселелерді талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында табыс тіледі

Новости мира / Политика в мире / Назарбаев обсудил с Трампом казахстанско-американские отношения и международные проблемы
Фото:
Total.kz
АҚШ-тың сайланған президенті мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. Дональд Трамп тәуелсіздік жылдарында республикамыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Қазақстан президенті еліміздің ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартып, ядролық қарусыз әлем жолындағы күресті халықаралық қоғамдастықпен бірлесе жалғастыратынын айтты. Трамп бұл ұстаныммен толықтай келісетінін жеткізді. – Жаһандық деңгейде шешілуге тиіс ядролық қарусыздану мен оны таратпаудан асқан маңызды мәселе жоқ, – деді АҚШ-тың сайланған президенті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трамптың назарын Ресей мен Америка ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік беретін басты үш салаға аударды. Олар: терроризммен күрес, Украинадағы дағдарысты реттеу және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту. Ресей президенті Владимир Путинмен болған телефон арқылы сөйлесу қорытындысын ескеріп, АҚШ-тың сайланған президенті Вашингтон мен Мәскеу ынтымақтастығын дамытудың перспективасына өзінің зор оптимизммен қарайтынын атап өтті. Тараптар Қазақстан мен Американың достық қарым-қатынасын, соның ішінде сауда-экономикалық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге әзір екенін мәлімдеді. Трамп жақын арада екі көшбасшының кездесуін өткізуге мүдделілік білдірді. Әңгімелесу соңында АҚШ-тың сайланған президенті барша Қазақстан халқына республика тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында игі тілегін жолдады.
Следующая →