Кремль Ердоғанның Асадты тайдыру туралы ойына жауап қатты
Мәскеу Анкарадан Түрік президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Сириядағы әскери операцияларына қатысты жариялымы жайлы түсініктемесін күтуде, деп хабарлады РФ президентінің баспасөз хатшысы
Мемлекет басшысы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі елдің басшысы телефон арқылы тілдескен кезде САР-ға түрік әскерінің кіру жоспары туралы сөз болмағанын айтты. Песков «Ердоған біздің президентпен сөйлескен кезде мұндай тақырыпты көтермеді» деп хабарлады.
Естеріңізге сала кетек, Ердоған Сириямен жүргізіп жатқан соғысындағы басты мәселе «Ислам мемлекеті» террористік ұйымымен күрес емес, Башар Асадты тайдыру деп жариялаған. Осыған орай, Кремль түрік елінің басшысынан ресми түсініктеме күтеді.