Эрдоган Асадты орнынан тайдырғысы келетінін айтты
Эрдоган таяу шығыс жөніндегі симпозиумда айтқан сөзінде, Түркияның Сирияны басып алғысы келмейтінін, жүріп жатқан операциялардың мақсаты – Сирия президенті Башар Асадтың билігіне нүкте қою екенін білдірді
Түркия президентінің сөзі Анкара мен Мәскеу арасындағы күші жойылған бұрынғы келіссөздердің астарындағы сириялық қайшылықтың жаңа белгісін көрсетеді.
Алайда, Ақпараттық саясат бойынша Федерация Кеңесі комиссиясының төрағасы Алексей Пушков Тайип Эрдоганның сөздерін маңызды хабарландырудан көрі, саяси риторикаға сай келетінін айтты.
- Эрдоган: түрік әскері Сирияға Асадты орнынан тайдыру үшін кірді деді. Бірақ орындалатындай көрінбейді. Саяси риторикаға сай келеді, - деп жазады Twitterдегі парақшасында.
Естеріңізге саламыз, түрік әскері «Ефрат қақпасы» операциясын тыйым салынған лаңкестік ұйым «Ислам мемлекетіне» қарсы 24 тамызда бастаған. Түркия Әскерилері сириялық қарулы оппозиция күштерінің көмегімен шекаралық Джараблус қаласын басып алып, оңтүстік-батыс бағытында шабуылдарын жалғастыруда.
Следующая →

Тақырыптар:
Конфликт на Ближнем Востоке Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган Президент Сирии Башар Асад Международные отношения