Автобус трамвайға соғылып қалған
Қаланың ортасында кептеліс тудырған жол-көлік оқиғасында бір бала зардап шекті
Кеше кешкі жетілер шамасында Қазақстан және Қабанбай көшелері қиылысында автобус пен трамвай қақтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстан көшесіне бұрылған автобус жүргізушісі трамвайға соғылған.
- Жолда ешқандай сорап (колея) жоқ. Апат автобус жүргізушісінің кесірінен орын алды, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. – Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘПК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ауыр жарақат алғандар жоқ. Автобус салонында болған кішкене бала ғана аздаған бас жарақатын алған.
Айта кетейік, ЖКО салдарынан көшеде кептеліс орнап, бірнеше трамвайдың қозғалысы тыйылған.