Турция Ресейден С-400 сатып алу туралы шешім қабылдады
Турцияның Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык Анкараның Мәскеумен С-400 зенітті-ракета коплекстерін сатып алу туралы талықлау жүріп жатқанын хабарлады
- РҚҚ жүйесі туралы жұмыс жалғасып жатыр. С-400 туралы келіссөз тек Ресеймен емес, осыған ұқсас жүйе бар елдермен де жүріп жатыр. Қазір Ресей жағымен бұл сұрақ оңтайлы. НАТО елдерінің бұған баса назар аударады деп үміттенеміз және біздің жүйе альянс талаптарына сай болады, - деді.
Ышык Турцияның Ресей ұсыныстарымен белсенді жұмыс істеп жатқандарын да айтып, «соңғы мақсат – бұл жүйені өз елімізде шығару» екенін айтты.
Осыған дейін Турция президентінің баспасөз-хатшысы Ибрагим Калын Мәскеу мен Анкараның турциялық РҚҚ жүйесінің ұлттық жобасын жасау туралы ынтымақтастық мүмкіндігі туралы консенсусқа келгенін айтқан.