Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Тегін дәрілер әлегі таусылар емес

Дәріханалардың бірінде бар тегін дәрі, екінші дәріханада болмай жатады

ШҚО Денсаулық басқармасында дәріханалар тегін дәрілермен қамтылған десе, тұрғындар дәрілерді сатып алып жүргендерін, тегін дәрілердің дәріхана сөрелерінде болмайтынын айтып қынжылуда. Сондықтан жағдайдың дұрысы мен бұрысын анықтау үшін ШҚО қоғамдық кеңесі тегін дәрілер берілуі қарастырылған дәріханаларды тексеруге шықты.

Дәріханалардағы бассыздық

Тегін дәрілер беруге міндетті дәріханаларда тегін дәрілер табылмаса да, олардың ақылы түрлері саудаланып жатыр. Мұндай жағдай Тәуелсіздік даңғылы, 20 мекенжайында орналасқан дәріханада орын алды.

- Тегін дәрілер беретін дәріханалардың өзінде қажетті дәріні сатып алу жағдайлары кездесіп отыр. Неге тегін берілуге міндетті дәріханада тегін дәрілер жоқ та, дәл сол дәріні ақшаға сатып алу мүмкіндігі бар, - деп өз ойларымен бөлісті тексеру жүргізген қоғамдық кеңестің мүшелері.

Сондықтан алдағы уақытта қоғамдық кеңес мүшелері Денсаулық сақтау басқармасына науқастарға дәрінің рецептісін берген кезде, оны қай дәріханадан сатып алуға болатынын ескерткені жөн деп санайды.

- Тегін дәрілерді көп жағдайда зейнеткерлеріміз алады. Ал олардың жастарына қарай кейбірі дұрыс жүре де алмайды. Бірақ тегін дәріні алу үшін олар бүкіл қаланың дәріханаларын аралауға мәжбүр, - деді Татьяна Владимировна.

Дәріханалар тегін дәрілерді аурудың түрлеріне қарай таратады. Сондықтан егер сіз бір дәріханадан өзіңізге қажетті дәріні тапсаңыз, екіншісінде ол болмауы да мүмкін. ШҚО қоғамдық кеңесінің мүшелерін тегін дәрілер берумен айналысатын дәріханалардың сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемеуіне наразылық білдірді.

- Тегін дәрілер беретін кейбір дәріханалар сенбі, жексенбі күндері демалады екен. Бұл дұрыс емес. Адамдар демалысқа, күн мен түнге қарамай ауырады. Сондықтан мұндай олқылықтарды болдырмау керек, - деді ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық саласы бойынша жұмыс тобының төрайымы Татьяна Чернышова.

Неге ұқсас дәрілер берілмейді?

ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық саласы бойынша жұмыс тобының төрайымы Татьяна Чернышованың пікірінше тегін дәрілердің тізімі 800-ден артып жетіледі. Сондықтан егер бір дәрі табылмаса оның дәл сондай нұсқасы, бірақ басқаша атаумен сатылатын түрі міндетті түрде болу керек.

- Жүрегі ауыратын адамдарға дәрігерлер «Экватор» дәрісін жазады. Бұл дәріні ала

алмай жүрген адамдар көп. Мен бұл дәрінің құрамын зерттей келе, оның біріктіріле жасалатынын білдім. Яғни, ол «Лидинаприл» және «Амладипин» қоспаларынан жасалады. Бұл екі дәрі тегін дәрілер тізімінде жекедара болып жүр. Демек, егер «Экватор» дәрісі жоқ болса, дәрігер оның көшірме нұсқасын немесе оны құрайтын дәрілерді науқастың жағдайына қарай жазып беруі керек, - дейді Татьяна Владимировна.

Дәрігерлер мен дәріханалардың арасында кері байланыс болу керек. Дәріге нұсқаулық аоуға келген науқасқа ол дәріні қай дәріханадан алуға болатыны айтылу керек.

- Дәріхана екеуінде байланыс болуы керек. Егер мүлдем жоқ болса, онда құрамы соған ұқсас, бірақ шығарушысы бөлек, тегін дәрілер тізіміне кіретін басқа дәріні жазып беруі қажет, - дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық саласы бойынша жұмыс тобының төрайымы.

Айта кету керек, тегін дәрілерге жыл сайын қаражат бөлініп, ол жыл ортасында бітіп қалып жатады. Өйткені науқастардың саны жыл сайын жүргізілетін скринингтік тексерудің арқасында артып отырады. Сондықтан қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені жылдан-жылға қайталағаннан гөрі арнайы қор құруды ұсынады.

Ақерке Рағызбаева

Выделить!!!

Балалардың азығы. Ана мен бала дәрі қобдишасы:

Вострецов көшесі, 4. Тел.:50-28-69

Потанин көшесі, 17. Тел: 76-81-11

Қант диабеті:

Абай даңғылы, 18. Тел: 75-14-05

Потанин көшесі, 17. Тел: 76-81-31

Қайсенов көшесі, 117. Тел: 78-97-77, 25-69-19

Эпилепсия:

Тәуелсіздік даңғылы, 23. Тел: 75-57-24

Бронх демікпесі:

Тәуелсіздік даңғылы, 23. Тел: 75-57-24

Қабанбай батыр көшесі, 87/1. Тел:61-40-01

Карбышев көшесі, 40. Тел: 52-27-27

Гипотереоз:

Қабанбай батыр көшесі, 87/1. Тел:61-40-01

Тәуелсіздік даңғылы, 42. Тел: 22-12-58

Сәтпаев даңғылы, 34/1. Тел: 57-37-91

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі:

Қабанбай батыр көшесі, 49. Тел: 24-12-40

Ворошилов көшесі, 95. Тел:75-35-71

Артериялы гипертензия:

Әуезов көшесі, 20. Тел: 25-20-02.

Потанин көшесі, 17. Тел: 76-81-31

Онкология:

Протозанов көшесі, 23. Тел: 26-02-60

Следующая →
Тақырыптар: Дәрі