Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

Трамп АҚШ президенттігінің жалақысынан бас тартты

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп Ақ үй басшылығының қызметі үшін бір доллар алатын болады. Бұл туралы ол американдық телеарналарда жария етті

CBS телеарнасының «60 минут» бағдарламасы эфирінде жүргізуші Трампқа президент жалақысы туралы сұрақ қойды

- Бұл тақырыпқа ешқашан пікір білдірмегенмін, бірақ жауабым – жоқ. Заң бойынша мен жылына бір доллардан кем болмайтын жалақы алуым керек, сондықтан бір доллар болсын, - деді ол.

Жүргізуші Трампқа 400 мың доллардан бас тартып отырғанын ескертті, бірақ миллиардер Ақ үйде бәрібір жалақы алмайтынын айтты.

Трамп сонымен қатар Хиллари Клинтонға қатысты сұраққа да жауап берді, оның ісін (мемлекеттік маңызы бар хаттарды жеке поштасымен жіберген) арнайы прокурорға жолдауға уәде берді. Бұрынғы мемлекеттік хатшының «кейбір жаман істерге» қатысы барын, бірақ оның жанұясын ренжіткісі келмейтінін де айтты.

- Олар жақсы адамдар, олардың жапа шеккендерін қаламаймын, - деді Трамп, Хилларидің күйеуі Билл Клинтонның оған хабарласып керемет сайлауалды кампаниясымен құттықтағанын айта.

Forbes-тің бағалауынша, Трамптың қарадаты 3,7 млрд долларды құрайтын көрінеді. Егер Трамп жалақыдан бас тартса, осындай шешімге келген АҚШ-тың үшінші президенті болмақ. Осынлай 1929 жылы сайланған Герберт Гувер және билікке 1961 жылы келген Джон Кеннеди істеген еді. Қос президент те өз жалақыларын қайырымдылық қорына аударып отырған.
Следующая →