Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газета Газета

Қыздардың басты мақсаты сұлулыққа жақын болу

Шаш адамның ажары. Ол адамның сұлулығын ерекешелеп тұрады. Сондықтан қыз балалар өздерінің шаштарын әркез көрікті етуге ұмтылады

Қазақ халқы да байырғы заманнан-ақ, қыздардың шаш сұлулығын ерекшелей білген. Өйткені шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол – әйелдер қауымының, яғни Хауана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген Алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Ал шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап – сол сый-құрметке сай, әр әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сипаты.

Қазіргі заман жаңа технологиялардың ғана емес, сән әлемінің де шарықтап дамыған кезеңі. Оның үстіне бүгінгі күні сән сөзінің ауқымы кеңейіп отыр. Дизайнерлердің ерекше киімдері, бетке жасалатын make-up, тырнаққа жасайтын маникюр, шашқа жасалатын әрлеулердің барлығы сәнді әспекеттейді. Осы заман ағымымен қатар қадам басып жүрген нәзік жандылардың жаратылысы сұлулықты ерекшелеуге қашан болмасын ұмтылып отырады. Әсіресе, адам өміріндегі ең маңызды кезеңдер, яғни, туған күн, мерей той, той-томалақтар жақындаған кезде қыздар өздерінің ажарларын әсемделген шашын үйлестіруге асық келеді.

Шебердің қолы көпке ортақ

Сұранысқа қарай қызмет көрсету де табыстың бір көзіне айналып отыр. Сондықтан шаш әрлеумен де айналысатын мамандардың саны қай қалада болмасын артып жетіледі. Алайда олардың ішінде де туа біткен шеберлер мен қызығушылықпен, адал еңбектің арқасында шебер атанғандар болады. Әсем Сәрсенбаева бірінші санатта айтылған шеберлердің қатарына жатады. Ол ешқандай теориялық білімсіз-ақ, шаш әрлеп, оның туындылары көпшілік қауымның көңілінен шығып отыр.

Шемонаиха ауданының тумасы Әсем Бағланқызы өзін ешқашан шаш әрлеуші боламын деп елестетпеген. Оның өмірде көздеген мақсаты да, қалауы да, арманы да шаш әрлеумен мүлдем байланысты болмады.

- Мен С. Аманжолов атындағы ШҚТУ-дың маркетолог мамандығын қызыл дипломмен бітірген студенттердің бірімін. Сондықтан мен өзімді мамандығым бойынша қызмет ететін, өз саласының үздігі болатын кәсіби маман ретінде елестететінмін, - дейді Әсем Сәрсенбаева.

Дегенмен өмірімізді біз қалай жоспарласақта кейде тағдыр өзінің тосын сыйын әзірлеп отыратыны анық.

- Шаштарды өруді бала кезімнен меңгерген едім. Өзімнің шашымды ешқашан бос буа салмайтынмын. Әр күнімде әртүрлі әрлеулер жасайтынмын. Осылайша, 2013 жылы

сәнге шаш өру ене бастаған кезде мен де өз бағымды сынамақ болдым. Сенбі, жексенбілерде тапсырыспен шаш өріп, әрлеп, бояумен айналысатынмын. Бірақ негізгі мамандығым, кәсібім, маркетолог болды. Ал шаш әрлеуге мен жай ғана әуестік ретінде қарайтынмын, - деді Әсем Бағланқызы.

Алайда таныстарының өтініштерін жай ғана қанағаттандырып жүрген Әсемге қазіргі Өскеменддік шаш әрлеушілердің арасында тең келер жан кем де кем шығар.

Еңбегіне қарай өңбегі

Отбасын құрып, шаңырақ көтергеннен кейін Әсем өзінің шаш әрлеумен айналысуын тоқтатып, жанұясының қамын ойлап, бала тәрбиесімен айналыса бастайды.

- 2015 жылдан мен шаш әрлеумен қайта айналыса бастадым. Өз жұмыстарымды арнайы ашқан instagram, Вконтакте әлеуметтік желілеріне салып жүремін. Осындай күндердің бірінде менің жұмысыма деген сұраныс артып, таңнан кешке дейін бос уақыт таба алмай қалдым. Сол кезде мен өзімнің қолымнан келетініне сендім, - деп ағынан жарылды шаш әрлеуші.

Бір де бір шеберден сабақ алмай, ғаламтордағы бір де бір арнайы үйрететін бейнежазбаларға жүгінбей өзінің қиялына ғана беріліп, ол адамның шашына көрік беріп келеді.

- Өкінішке орай, шаш әрлеудің өзі маусымдық жұмыс. Жаз мезгілі толығымен, күз мезгілінің бас кезеңі, қыста Жаңа жыл қарсаңында сұраныстар артады. Бірақ жай күндерім тыныштықта өтеді. Ал жалпы алатын болсақ, бұл істі табысы жақсы жұмыстардың бірі ретінде қарауға болады, - деп атап өтті Әсем Сәрсенбаева.

Шашты әрлеушілердің саны да қазіргі уақытта артып отыр. Алайда шаш әрлеуші шебер олардың бірінде бәсекелес көрмейді.

- Өскеменде сұлулық салондары қаншалықты көп болса, оларға деген сұраныс солай деп білемін. Сол себепті мен біреудің нанына таласпаймын. Әркімнің еңбегіне қарай өнбегі, - дейді Әсем Бағланқызы.

Ерке Биғазина

Следующая →
Тақырыптар: Шәш әрлеу